Канадалық мамандар спорт адам миының саулығына, жалпы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер ететіндігін айтуда.
Ванкувердің ғылыми қызметкерлері физикалық жұмыстың миға әсер ететінін іс жүзінде дәлелдеді. Экспериментке 70-80 жас аралығындағы 90 адам қатысқан. Бұл адамдардың барлығы да есте сақтау қабілетінің нашар екеніне шағым айтушылар болған.
Тест жүргізілмес бұрын адамдар мидың гиппокампасының (мидың есте сақтау үшін жауап беретін бөлігі) көлемін белгілейтін магнитті-резонанстық томаграфияға түскен. Бұдан кейін физикалық белсенділікті арттыру мақсатында жарты жыл бойы аптасына екі рет спорт жаттығуларын жасаған. Жаттығу уақыты 1 сағаттан кем болмаған.
Барлық қатысушылар иілу, аэробика, күшті арттыруға бағытталған жаттығулар жасап, 3 топқа бөлінген. Нәтижесінде аэробикамен айналысқан адамдардың басқа топ мүшелерімен салыстырғанда гиппокампасының үлкейгенін байқаған. Сондықтан, ғалымдар есте сақтау қабілеті нашарлаған адамдарға аэробикамен айналысуға кеңес береді.
Ал соңғы кезде миды жасарту үшін музыканың пайдасы бар екені айтылуда.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: inter.ru