- Негізгі бет
- Психология
- Адамзат ақылсызданып барады...
Адамзат ақылсызданып барады
Адамзат баласы ғасыр өткен сайын ақымақ болып барады екен. Британдық ғалымдар Викториандық дәуір адамдары мен қазіргі адамдардың саналылығын тексерген соң дәл осындай шешімге келіпті.
Зерттеу нәтижесіне сенсек, саналылық деңгейіміз уақыт өткен сайын төмендеп барады. Ер адамның ақпаратты қабылдау реакциясының жылдамдығы 1889 жылы 183 миллисекунд болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 253 милисекундқа дейін төмендеп кеткен. Нәзік жандылардың да көрсеткіші қуантарлық емес – қабылдау жылдамдығы 188 миллисекундтан 261 миллисекундқа күрт құлаған. The Telegraph адам рефлекстерінің төмендеуі оның интеллектісінің де әлсірегенін дәлелдейді деп жазады (IQ). Оның көрсеткіші әрбір онжылдық сайын 1,23 баллға азаяды екен. Мәселен, 1880 жылмен салыстырғанда 14 пунктқа дейін төмендепті. Ғалымдар әрбір дәуір адамдарының IQ көрсеткіштерін салыстырған кезде, жаңа заман адамдары ата-бабаларымыздан тек білім, медицина және тамақтану салаларында жоғары болған.
Десек те, өткен дәуір адамдары бізге қарағанда шығармашылық және өнертабушылық қасиеттері баршылық болған.
«Интеллектінің төмендеуін адам баласының қалыптасу дәуіріндегі көрсеткіштермен салыстыруға келеді» дейді зерттеу авторы Майкл Вудли. Оның ойынша, қазіргі адамдардың қарапайым селекциялары жұтаңданып барады, себебі ақылды адамдардың балалары аз болады да, ақылсыздау адамдардың бала саны көп болады екен. Daily Mail-ге берген сұхбатында психолог Джеймс Томпсон болса, өз кезегінде бұл зерттеудің өзектілігін айта келіп, нағыз жаңалық болғанын жасырмапты. Себебі бұған дейін жасалған зерттеулердің барлығы да адам баласы уақыт өткен сайын барынша ақылды болып барады дегенге саятын. Психолог бұл зерттеуді жан-жақтылы қарастырып, оның әрмен қарай да өріс алуын құптайды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: smartbooka.net
А. Құлтай