3000 жыл. Ол ақырын басып кісі қасиеттері банкының табалдырығын аттады.
- Мен адамшылығымды банкке қояйын деп келдім.
- Уақыты?
- 30 жыл.
«Ұстараның жүзіндей аударылған дүние-ай» десеңші... Көзді ашып-жұмғанша әлгі уақыт та өте шықты. Ол адамшылығын алуға барды. Былғанбаған. Қуанышында шек жоқ.
Операция бөлімінен шығып есін жиған шақта, оның басына түрлі-түрлі ой келді. Бірақ, кісілік қасиетті бойға сіңіру операциясы сәтсіз аяқталғанын ол білген жоқ. Тек ауру тарихы кітапшасына мынадай сөздер жазылды: ағза кері реакция бергені себепті, тән адамшылықты қабылдамады.
Аударған: М.Жошы
"English Square" журналынан