Адамның тұлға болып қалыптасуына 3 кедергі

1. Аялдау

Осы біздер тым көп ойланбаймыз ба? Үнемі әрекет жасаудың орнына «Егер былай болса...», «Мүмкін...» деген сөздерді айтамыз. Дұрыс бағытқа қадам жасаудың орнына барлығын өлшеумен уақыт өткіземіз.  Бар болғаны көзіміз жеткен жерге дейін жүруіміз қажет. Ал межеленген жерге жеткен соң, одан да көбірек көретін боламыз.

Ойға алған жоспарымыз әрдайым орындала бермейді. Олай болса, неге қорқынышты шетке ысырып, барлығын тағдырдың билігіне бермеске. Өмір әрдайым мақсатқа жетудің қысқа жолын біледі.

Яғни:

Мақсатты айқындау; Өзімізді барлығы ойдағыдай болатындай сезініп, өмірге сенім арту; Өмірдің бізге беретін сигналдарын ескеріп, іске кірісу керек.

2. Айыптау

Тұлға болып қалыптасуға өзіміздің сәтсіздігіміз үшін өзгелерді айыптау да жатады. Өмірде жолы болмаған адамның, не себепті бұл күйге түскенін айқындайтын тізімі болады. Оларға айыпты өзінен емес, өзгелерден іздеу әлдеқайда жеңіл.

Шындығында, біз қай жерге баруды қаласақ, сол жерде жүреміз.

Қалауымызсыз біздерді ешкім де күштей алмайды. Яғни денсаулығымыздың нашар болуына, әлеуметтік жағдайымыздың төмен болуына тек өзіміз айыптымыз.

Тәуелсіздікке жету үшін адам өзін тәртіпке бағындыра білуі керек. Яғни өз іс-әрекетімізге толықтай жауап беру арқылы өзгелерді айыптамайтын боламыз.

3. Ақталу

Біз өзімізді кінәлі сезінген кезде ғана ақталамыз. Қолыңыздан келгеннің барлығын жасасаңыз, сізге ақталудың еш қажеті жоқ.

Біздің әрқайсымыздың ішімізде бұлқынған жанартаудай күш бар. Сол күштің сыртқа шығуына әдетте қорқынышымыз кедергі жасайды. Сондықтан бұдан былай «Мен мұнымен не істей аламын?» деп емес, «Мен мұны қалай жасаймын?» деген сұрақ қойып, әр күн сайын мақсатыңыз бен арманыңызға жақындататын бір қадам жасаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Сырым Адиевтің жеке парақшасынан