Адамның көңілі - мөлдір бұлақ

Адамның көңілі - мөлдір бұлақ
Фото: Бекзат Кадирбеков, rudaki.ru

«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» демекші, бүгінгі таңда сыйластықтан өзіміздің бас пайдамызды артық қоятын сияқтымыз. Әрине, топырақты көпке шашпаймын. Десе де өзгенің өзімізге бағытталған өкпе-назы масаның ызыңындай да әсер етпейді. Адамды бекер ренжітпейміз. Бойымызды кернеген ашу мен кектің себебі бар. Сол ашуымыздың себебін өзімізге қымбат жандарға байыппен, көңілге тимейтін сөздермен жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Осыған орай, кезекті материалымызда адамдарға қандай сөзді айтуға болмайтындығын талқылауды жөн көрдік. Оларды біз емес, астролог мамандар құрастырған. Бұл мамандар ғалым болғандықтан, соқыр сенімге емес, белгілі бір теорияға сүйенеді. Ал олардың сөзіне сену-сенбеу өзіңіздің еркіңізде. Олай болса, кеттік!

Тоқтыларға «кейін хабарласамын, қазір уақытым» жоқ сынды сөздерді айта көрмеңіз. Олар өте шыдамсыз.

Торпақтарға дәмсіз тағам ұсынбаңыз. Олар ашуланады және сізге қаншалықты ашулы екенін көрсетеді. Бұл жұлдыз иелері әрбір детальға мән береді.

Егіздерге «сөйлеме!», «сұрақ қоюды доғаршы!» сынды сөздерді айтудан сақтаныңыз. Олар бәрін білігісі келіп тұрады. Бұл -  олардың табиғатына тән қасиет.

Шаяндарға кеш келгеніне немесе шақырылған жерге ерте келіп қойғанына бола ұрыспаңыз. Олар, шын мәнінде, кешігіп келуді ұнатады. Өкінішке орай, ойлағандары үнемі жүзеге аса бермейді.

Арыстандардың адалдығына күмән келтіре көрмеңіз.

Бикештерге жаққыңыз келсе, сауатты жазуды үйреніңіз. Олар өздері айтатын сөзді алдын ала ойланып, біреуге жазған хатын бірнеше рет тексереді.

Таразылар «музыканың даусын бәсеңдет» деген сөздеріңізді көтермейді. Олар, мұнымен қатар, арқаны кеңге салып, ойнап тұрған әнді қосылып айтқанды жақсы көреді.

Сарышаяндар сырттай тәкаппар болып көрінгенмен, іштей өте жұмсақ. Өздерінің әлсіздігін жасырады. Сол себепті оларға «сен – өзімшілсің» деп айтпағаныңыз жөн.

Мергендер табиғатынан өте кекшіл келеді. Ешкімнің көңіліне қарамайды. Бірақ өзін мақтайтын жандарды жақсы көреді. Олардың үстінен шағым түсіретін болсаңыз, өмір бойы қас дұшпаныңыз болып өтеді.

Тауешкілер өте қарапайым, мақтануды сүймейді. Оны ездің ісі деп санайды. Сол себепті олардан қанша айлық алатындары туралы сұрамаңыз.

Суқұйғыштар өз уақытын дұрыс пайдалана біледі. Олар көмек қолын созған кезде бас тартпаңыз. Өйткені олар не жасаса да, шын жүректен жасайды.

Балықтарға өсек айтпаңыз және олардың сыртынан сөз айтпаңыз. Олар өзін де, өзгені де қатты сыйлайды.

Адамның көңілі мөлдір бұлақ секілді. Таза, пәк күйінде қалмайды. Бірі оны қастерлесе, енді бірі қалаған қоқысын лақтырады. Осылайша мөлдір бұлақ лай суға айналады. Ал сіз өзіңізге жақын адамдардың көңіліне қарайсыз ба? Осы туралы ойланып көрдіңіз бе?

Қ. Бүйенбай