Адамның ең ...

Біздің сөздік қорымызда "Адамгершілік" деген сөз бар. Бірақ бір өкініштісі бұл адамзат атаулының бәріне қолданылмайды. Адамның өмірдегі "ең" деп басталатын барлық қасиеті осы адамгершіліктен ғана туындайды екен-ау. 

***

Адамның ең үлкен қасіреті – кешегі жоғалтқаны емес, қайта өткен қасіреттен айыға алмауы.

Адамның ақымақтығы – алдындағы қатерлі орды байқамай қалуы емес, сол орға екінші рет түсуі.

Адамның ең құлазыған кезі – сағынған адамыңның сені күттіруі емес, қайта оның енді қайтып келмесін білуі.

Адамның ең қатігездігі – біреуді бетпе-бет құлатуы емес, қайта оған көмескіде ор қазуы.

Адамның ең масқаралығы – басқалардың несібесіне ортақ болуы емес, қайта өз несібесін басқаларға ұсынып беруі.

Адамның ең пасықтығы – нәпсінің жетегіне еруі емес, қайта ар-ұяттан айрылуы.

Адамның ең азапты шағы – сүйген адамға қол жеткізе алмау емес, қайта сүйген адамыңның бақытсыз болуы.

Адамның ең көңілді шағы – басқалардың саған қуаныш сыйлауы емес, қайта өзінің басқаларға көңілділік сыйлауы.

Адамның ең зеректігі – басқалардың байқай алмағанын байқауы емес, байқағысы келмегенін байқау.

Адамның ең бай кезі – алтынға ие болу емес, қайта алтынға сатып ала алмайтын нәрселерге қол жеткізу.

Адамның ең ардақтылығы – оның істеген жақсылығын басқалардың ескеріп жүруі емес, қайта өзінің басқаларға істеген жақсылығын ұмытып қалуы.

Адамның ең ұлылығы – жаңалық ашу емес, қайта жаңалық жарататын адамды тәрбиелей алуы.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com