- Негізгі бет
- Психология
- Адамның бет-әлпеті арқылы...
Адамның бет-әлпеті арқылы мінезін таны
Адамның бет-әлпеті оның мінезінен хабар береді. Психологтар өз тәжірибелерінде бұл әдісті жиі қолданады. Өткен айда әнші Қарақат Әбілдинаның өзі осы бір қызықты ақпаратты «instagram» желісіндегі парақшасында жариялаған болатын. Олай болса, оқи отырыңыздар.
1. Дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл, еңбекқор, жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер.
2. Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп.
3. Ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол. Қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті.
4. Қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адам қалжыңқой, ақжарқын келеді.
Бет-әлпеттің жеке бөліктері бойынша:
5. Кең маңдай - ақыл-ой кемелділігінің белгісі.
6. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық.
7. Орташа маңдай – есті адамның белгісі.
8. Жіңішке қас – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жанға тән.
9. Түзу қастың иесі – елгезек, тіл алғыш.
10. Қиылған қарлығаш қас – қиялшыл, арманшыл адамдарға бітеді.
11. Екі қастың арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түскіш.
12. Қастың арасы түйісіп тұрса, ол адамның жүйкесі мықты.
13. Дөңгелек көздің иесі – кім көрінгенге сене салатын аңқау.
14. Қиықша көз – зеректіктің, тіпті кейде қулықшылдықтың да белгісі.
15. Қысық көз – шулы жерді ұнатпайтын кісікиік жандарда болады.
16. Үлкен мұрын – қызба, ұрыншақ, қызуқанды адамдарға бітеді.
17. Кішкентай мұрын – өмірден көп нәрсе талап ете бермейтін жанға тән.
18. Қусырылған мұрын – ашуланшақ, ызақор адамдардыңкі.
19. Жалпақ мұрын иесі – қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұра бермейтін кісі.
20. Ұзын мұрын – иесінің қорқақ, сақ екенін танытады.
21. Кішкентай мұрынды адам – жайдары мінезді.
22. Мұрыны орташа адам – шыншыл, сенімді.
23. Үлкен ауыз – ақкөңілділіктің және елден ерекшеленіп көрінуге құштарлықтық белгісі.
24. Кішкентай ауыз – уақ, сараң, өзімшіл адамдарға тән.
25. Ұзын иек – қырсықтықтың, қысқа иек – ұшқалақтықтың белгісі.
О. Сансызбай