- Негізгі бет
- Психология
- Адамның 8 түрі...
Адамның 8 түрі
1. Жел сияқты адамдар. Бүгін мына жақта, ертең ана жақта жүретін бұндай адамдардың қызығушылықтары күн сайын ауыса береді. Тұрақтылықты ұнатпайды.
2. Гүл сияқты адамдар. Олар жараланғыш, нәзік келеді. Ондай адамдардың қасында кез келген адам өзін мықты сезінеді.
3. Кітап сияқты адамдар. Ондай адамдардың жанында жүріп көп нәрсе үйренуге болады. Олар білімді, ізденімпаз келеді.
4. Шытырман адамдар. Олардың не ойлап жүргенін білу мүмкін емес, олар шешімі жоқ жұмбақ сияқты.
5. Сайын дала тәрізді адамдар. Олармен қарым-қатынасқа түсу өте жеңіл, ондай адамдардың жанында ми демалып қалады.
6. Отшашу сияқты адамдар. Олар көтеріңкі көңіл-күй мен мерекені жақсы көреді. Айғайлап күлгенді, қатты сөйлегенді ұнатады.
7. Тас тәрізді адамдар. Олар тастай берік. Кез келген қиын жағдайда қорған бола біледі.
8. Асыл тас сияқты адамдар. Ондай адамдарға қарап, қызығасың. Күн сайын өзінің жаңа қырымен айналасын таңырқатып жүреді.
Р. Роза