Азамат болып, ат жалын тартып міндіңіз. Енді сізге қажетті дүниенің не екенін білу онша қиын болмаса да, адамға ненің ең қажетті екенін мамандардың нақты атап көрсеткен екен. Олар қол жетпейтін тым биікте де, тым көп те емес дейді бұл тізімді жасаушылар. Әр адамның алған тәрбиесі мен өскен ортасы өзіне қажетті дүние турасындағы таным-түсінік жайында айырмашылықтар орнатса да, назарларыңызда жалпыға ортақ ұғымдарды аталады:
Денсаулық. «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық он саулық» қазақ атаңыз ғылымның шүңеті енді жетіп жатқан иірімдерді ертеден-ақ пайымдап кеткен. Денсаулық болмай сіз ойға алған игі мақсаттарыңыздың ешқайсысына жете алмайсыз. Қуатты азық-түлік. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды». Әр жұмыс күніңіз, оқуыңыз, іс-тәжірибеіңізге барардан бұрын сізге таза, қуатты, қоректік мөлшері жоғары тамақтармен азықтану керек. Тыныш демалыс, ұйқы. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда да сізде тыныш ұйқы, жайлы демалыс болмауы мүмкін. Оған баса назар аударыңыз. Ақша және ақшаға сатып алған заттарыңыз. «Екінші байлық» жайлы Абай да «Есектің артын жусаң да ақша тап» деген. Ел мен ұлысты елім деген азамат ұлықтауды ойласа, ол ең алдымен киімін бүтін, қарнын тоқ етуге малымен жұмыс жасайды. Болашақ өміріңізге кепіл. «Адам ұрпағымен мың жасайды». Сіз қанша жайлы, рахат өмір сүрсеңіз де сіздің үрім-бұтағыңыз тентірек ел кезіп кетпеуі керек. Жыныстық қанағаттану. Басқалар сізді құрметтеуі керек. Ел бастайтын көсем, сөз бастайтын шешендік кім-кімге де бұйыра бермейтін бақ. Дегенмен, өз ортаңызды кісілік беделіңіз, өзіңізге ғана тән абройыңыз болғаны жөн.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Суерт: sc.com