- Негізгі бет
- Психология
- Адамға әсер етудің...
Адамға әсер етудің 9 ережесі
Адамның кемшіліктерін айтамыз деп ренжітіп алатын жағдайлар аз болмайды. Оған сөзіңді өткізу үшін қандай айла-тәсілдер қолдануға болады? Төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.
1. Адамның адамгершілігін мойындап, мақтаудан бастаңыз.
2. Басқалардың қателіктерін тіке айтпай, астарлап жеткізуге тырысыңыз.
3. Алдымен өзіңіздің де қателіктеріңізді айтып, кейін ғана әңгімелесушіңізді сынаңыз.
4. Адамға бұйыра бере бергенше сұрақтар қоя отырып, қателіктерін мойындатыңыз.
5. Қателескен адам беделін сақтап қалуына мұрша беріңіз.
6. Адамдардың жеткен жетістіктері мен сәттіліктеріне ортақтаса біліңіз. Оларды бағалағанда да шынайы болыңыз және аянбай мақтаңыз.
7. Адамдардың абыройлы болуына ықпал етіңіз, олар кейін сол беделін жоғалтып алмауға тырысатын болады;
8. Мадақтаңыз. Жөндегіңіз келетін қателікті оңай жөндеуге болатындай етіп көрсетіңіз; адамды неге үгіттесеңіз, оған жету оңай екендей көрсетіңіз.
9. Сіз ұсынған ұсынысты адамдар қуана жасайтындай етіңіз.
Сурет: totalday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina