- Негізгі бет
- Психология
- Адамды сәтсіздікке ұшырататын...
Адамды сәтсіздікке ұшырататын себептер
- Басқалардың істеген ісі мен көзқарасына мін тағып, тырнақ астынан кір іздейтіндер.
- Басқалардың ескертуі мен ұсыныстарын бос мылжың деп есептейтіндер.
- Не істегісі келсе соны істей жөнеледі, тексеріп-зерттемейді.
- Көне сүрдектен жазбайды, бейімделу дегенді білмейді.
- Өз әліне қарамастан басқалардың табысқа жеткен үлгісіне көзсіздікпен еліктейді.
- Нәтижеге мән беріп, барысына назар салмайды.
- Айдан анық тұрған мәселелерге әрі-сәрі болады.
- Істеген ісінде беталыс, жоспар болмайды. Ойына не келсе соны істейді.
- Ауыр жүк арқалауға батылдық ете алмайды.
- Қателік өткізіп алса сылтау іздеп, басқаның мүддесін құрбандыққа шалып, өзін қорғаштайды.
- Басқалардың жоспарымен санаспайды. Өзінікін жөн санайды.
- Басқалармен тек пайда алу үшін ғана араласады.
- Бар үмітін өзінің жазмышына, бағына байлап қояды. Тағдырдың жазуына сеніп қарап отырады.
- Білермендікке салынып, өзінің шешім шығару қабілетін жояды.
- Істің кері жағын көп ойлап, барлық істі оңына баспайды деп қарайды.
- Соққыға қарсылық қуаты әлсіз. Сәтсіздікті көтере алмайды.
- Жаман әдеттері күн өткен сайын көбейе береді.
- Өз сертіне тұрлаусыз, сөзінде мән-мағына болмайды.
- Жұмыста тығырыққа тірелмейінше алакөл асығынан келмейді.
- Газет-журнал, ғаламтор парақшаларын қарамайды.
- Басқалардың алдында жалған намысын қорғағыш келеді.
- Егер пайда табу ісіне бетпе-бет келсе өнер-білімнен жұрдай болуға риза пейілде.
- Бірер істі бастар-бастамас бұрын сәтсіздікке ұшырап қалам ба деп құр уайымға салынумен болады.
- Не іс болса да талас-тартысқа дайын, ақылмен ойлауға шорқақ болады.
- Өз даралығын танымайды.
- Өрістің ар жағында өріс болатынын сезбейді.
- Қашан да көрермен болғысы келеді.
- Өзіне шабыт сыйламайды.
- Жастық шағын өтпейтіндей көреді де, оны өлеусіреген шам сияқты жарығы жоқ деп ойлайды.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: qncye.com
M. Auelkhan