Біреудің сізге жасаған әрекетін немесе айтқан сөзін жүрегіңізге тіке қабылдайсыз, сондықтан әрдайым ашу немесе реніш сезімі пайда болып, өзіңізге не айналаңыздағы адамдарға көңіліңіз толмайды. Ендеше, мұндай жағымсыз сезімдер туындамас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз. Әлемде бәрі әділетті деп ойламаңыз. Бастысы, өзіңіз айналаңызға әділ болып қалыңыз. Алайда қоғамда өзімшіл және біреуді пайдаланатын адамдар бар екенін түсініңіз. Айналаңыздағы адамдардың қайсысы сізге шынымен адал көңілмен қарайтынын немесе керісінше, жақтырмайтынын анықтап алыңыз. Оны анықтаған соң, жауап ретінде оған жаман әрекет жасаудың қажеті жоқ. Жай ол адаммен араласуды тоқтатыңыз. Айналаңызды сізге қуаныш сыйлайтын адамдармен толтырыңыз. Айналаңыздағы адамдар сіз үшін бірдеңе істеуге міндетті деп ойлауды доғарыңыз. Басқалар сіздің көңіліңізді аулау үшін немесе сіз қалағандай болуы үшін өмір сүрмейді. Егер айналаңызға махаббат сыйласаңыз, жауап ретінде сіз де жылы сезім алуыңыз мүмкін. Егер ұрысуға себеп іздесеңіз, сізге жақсы қарайды деп дәмеленбеңіз. Басқа адамның сізді ренжіткен әрекетін анықтауға тырысыңыз. Ол өз баласының ауруын уайымдап немесе көңіл күйінің жоқтығынан сізбен сөзге келген болуы мүмкін. Сіз оған бір кездері оны ренжіткен адамды есіне түсіретін шығарсыз. Өздігіңізден сізге деген жаман қарым-қатынастың себебі бола алмайсыз. Ашу көрсетудің орнын анықтай білу керек. Көп жағдайда біз қамымызды ойлайтын, қасымызда тұратын жақындарымызға ашуымыздыкөрсетеміз. Ашуыңызды ашық көрсетсеңіз, бірдеңе өзгере ме деген сұраққа жауап іздеңіз. Жаман ауа райы, кептеліс, бұзылған зат үшін бекерге ашуланудың қажеті жоқ. Егер ашу сізді басқарса, сіз шешім қабылдай алмаумен қатар, оны бағалай да алмайсыз.