Адамдардың қалай ренжитінін жұлдызнамасы айтсын #2

Адамның қаншалықты ренжігіш екенін қалай білуге болады? Барлығы оңай! Бар болғаны оның жұлдызнамасын анықтаңыз.

Біз адамдар өзіміз күткендей жауап қайтармаған кезде ренжиміз. Кейде ренішіміз орынды болғанымен, арасында болмашы дүниелерге де мұңаямыз. Психолог мамандардың айтуынша, әдетте адам өзіне назар аударту үшін ренжиді екен. Бұл – психологиялық қорғанудың бір түрі.

Басы

Арыстан

Өзін дұрыс бағаламаған кезде ренжиді. Олар көпшіліктің назарында болуды ұнатады. Және ренжігендерін сырттай білдіреді. Сізге кек қайтарып, көпшіліктің алдында масқаралауы да ғажап емес. Олардың қолында билік бар екенін ұмытпаңыз. Мақтап отырыңыз. Сол кезде бәрі орнына келіп, сізді қамқорлығына алуы мүмкін. 

Бикеш

Сіз бикешті ренжіттіңіз бе? Ренжіткен болсаңыз, өсиетнама жаза беруіңізге болады. Оларды шын мәнінде ренжіту өте қиын. Еш уақытта кек сақтамайды, болмашы дүниелерді көңіліне алмайды. Не үшін ренжігендерін бірден ұмытып қалуы мүмкін. Бірақ, қара тізім жазатындары анық. Ол тізімдегілерге түбінде кек қайтаруы мүмкін.

Таразы

Олар тіпті кек қайтарудың не екенін білмейді. Есесіне балаша ренжіп, жанжал шығарғанды ұнатады. Және ұзақ уақыт өзін ренжіткен адамның жүйкесіне тиіседі. Жаман әрекет жасағаныңызды қайта-қайта есіңізге салады. Арада болған кикілжіңді өзгелерге жеткізуге құмар келеді. Ал мұның бәрін алдын алғыңыз келсе, бірден кешірім сұраңыз. Олар біреумен ренжісіп жүруді ұнатпайтындықтан, сізді бірден кешіреді.

Сарышаян

Өсиетнама жазып үлгермейсіз. Біріншіден, сізді кешірмейді. Екіншіден, кектенетіндері соншалық, өмірге келгеніңізге өкініп кетесіз. Олар өте сезімтал, көңілшек болғандықтан, болмашы дүниелерге бола ренжиді. Өзін ренжіткен адамға жұдырық ала жүгіруі ғажап емес. Тек ең жақын деген адамдарын ғана кешіреді.

Мерген

Олар кекшіл болмағандықтан, көп ренжімейді. Бейбітшілікті жандары сүйгенімен, лаулап жанған от секілді. Оларды ренжіткен болсаңыз, жанжал шығаратынына сенімді болыңыз. Есесіне кешіре білу қабілеттері бар. Бар болғаны өздері күткен мінез-құлық танытыңыз. 

Жалғасы бар...

Оқи отырыңыз:

Пешімізді жуудың жеңіл жолы

Басқа халықтар таңғы асқа не ішеді?

Заманауи бойжеткен қандай болуы керек?

Табыстың кілті неде?

Сурет: Гаухар Зукенова