Суретке зер салыңыз. Бірінші нені байқадыңыз? Жауабын оқып, айналаңыздағы адамдар сіз туралы не ойлайтынын біліңіз.
Егер әйел адамның сұлбасын көрсеңіз:
Бұл сіздің жомарт адам екеніңізді көрсетеді. Айналаңыздағы адамдарға сіздің өмірге деген әрдайым позитивті көзқарасыңыз ұнайды. Әр ортаны өзіңіздің тартымдылығыңызбен баурап аласыз. Одан бөлек, сіз айналаңызға жақсы мотивация бере аласыз. Өзіңіздің алдыңызға мақсат қойып, оған жетпейінше тыңбайсыз. сіз жоғары ынталы адам болып саналасыз. Сіз өзіңізге мақсат қойып, оны соңына дейін жеткізесіз.
Егер сіз ер адамның бетін көрсеңіз:
Сіз өзіңіздің эмоцияларыңыз бен сезімдеріңізді қалай ұстау керегін білесіз. Сізге қарап адам сіздің көңіл-күйіңізді нақты анықтай алмайды. Кез келген ортада көшбасшы бола аласыз. Сіз өз шешімдеріңізге беріксіз. Сізді жайбарақат адам деп атауға болады, бірақ бұл сіз көпшіліктің артынан еріп кете бересіз дегенді білдірмейді. Көпшілік сізді жан-жақты әрі қызығушылығы көп адам ретінде біледі. Одан бөлек, тік мінезіңіз бар.