Адамдар қалай ғашық болады?

Адамдар қалай ғашық болады?

Махаббат – барша адамның жүрегінен орын алған ерекше сезім. Ол жан дүниемізді жаулап, көңілімізді әрдайым алып-ұшып тұруға мәжбүрлейді. Оны саналы түрде бағалау мүмкін емес. Аспан секілді шексіз. Күн секілді жарқын. Кейде сеніммен ұштасады. Бұл сезімді түрліше сипаттауға болады. Десе де, әр адам өзінше ғашық болады екен. 

Тоқты

Тек талғампаз жандарға ғашық болады. Яғни, тоқтылардың мінсіз, әлемдегі ең жақсы адам екенін түсінген адамдарға ғана.

Торпақ

Біреуге ғашық болса, сезімдерін иесіне бірден жеткізеді. Ғашығының өзін сүйетініне көз жеткізген соң ғана өз ісіне кіріседі. Бал айы, романтикалық кездесу дегендерді ұнатпайды. Оның орнына отбасына жылы киімдер алып, үнемі керегін тауып беріп отыруды жөн көреді.

Егіздер

Өкінішке орай, Мәжнүндей ессіз ғашық болғандарын ертесінде-ақ ұмытып қалуы мүмкін.

Шаян

Ғашығына өзге жанның құмартып жүргенін білген кезде ғана сезімі үдей түседі. Ол барлық жақсыға ие болғысы келеді. Сұранысы төмен заттарды да, адамдарды да ұнатпайды.

Арыстан

Ғашық болса, тау мен тасты қопарып, сүйіктісіне аспандағы айды алып беруге дайын. Махаббат мәселесінде арыстаннан гөрі жыланға көбірек ұқсайды. Құрбанын өзгелерге көрсетпей бітеудей жұтады. Сүйіктісін туған-туысқандарымен де бөліскісі келмейді. Ал, ғашығына өзінен артық адам табылмайтындығын білген соң оны қызғанып әуреге салынбайды.

Бикеш

Өзінің сүйіктісінен мінсіз адам жасауға ұмтылады. Оның сырт келбетін әсемдеп, жарасымды киімдер кигізеді. Қажет болса, мінезін өзгертуге тырысып бағады. Егер нәтижесі көңілінен шықпаса, ойланбастан басқаны сүюге дайын.

Таразы

Бұл адамдардың мінезі нәзік, жүрегі жұмсақ келетіндіктен, оларды көп адам жақсы көреді. Барлығы да таразылардың өз мүддесін қорғай алмайтындығын білген соң қамқорлыққа алғысы келеді. Ал, таразылар өз кезегінде қандай әрекет жасарын білмей дал болады.

Сарышаян

Ғашығының өзінде көңілі болуын қаламайды. Ал, өзін сүйетінін білген кезде, бірден бас тартады. Оңайлықпен қарамайтын жандарды таңдайды.

Мерген

Сүйіктісінің өзіне адал дос бола білгенін қалайды. Яғни, бірге көңіл көтеретін адам іздейді.

Тауешкі

Ата-анасының қалауынан шыға алмайды. Олар кімді ұсынса, сол адаммен қол ұстасып кете бермек.

Суқұйғыш

Еш уақытта бір көргеннен ғашық болмайды. Сүйіктісінің рөліне лайық адамды алдымен бақылайды. Оның мінезі мен адамгершілігін бағалайды. Барлығын таразыға салған соң ғана сезіміне ерік береді.

Балықтар

Ақ пен қараның жігін онша ажырата алмайды. Сүйіктісі жылы шырай танытса болғаны, соңынан еріп кете беруге дайын.

Сурет авторы: Дарья Лапина

Қ. Бүйенбай