Кейде неліктен біртүрлі түс көргеніңізді түсінбей, ұйқыдан аң-таң болып оянатын кездер болады. Түстер жайлы әлі де толықтай зерттелмесе де, әртүрлі адамдардың ұқсас сюжетті түс көретіні белгілі. Кең таралған түстерді және олардың нені білдіруі мүмкін екенін ұсынамыз.
Сізді біреу аңдып жүр
Көпшілік түсінде адамнан, жануардан немесе құбыжықтан қашып жүргенін көреді. Монреальдағы «Түстерді түсіндіру орталығының» негізін қалаушы және түстер талдаушысы Лэйн Далфен былай дейді:
Бізді біреу аңдып жүрген түстердің барлығы дерлік әрқашан шынайы өмірдегі қандай да бір қысыммен немесе жұмыстардың соңғы мерзімімен байланысты.
Маман түсіңізде қандай сезімде болғаныңызға мән беруді ұсынады. Егер сіз біреуден үрейленіп қашсаңыз, онда өмірде кезекті жұмысты тапсыру кезінде сондай сезімде болуыңыз мүмкін. Ал егер түсіңізде қашуыңыз адамзатты құтқаратын бірдеңені табу керегін ойлаумен немесе бірдеңені құтқаруға бел буумен байланысты болса, бұл сіздің үлгеру керек істеріңізге деген көзқарасыңыздың көрінісін білдіреді.
Сіз құлап барасыз
Көпшілік түс түсіндірмелері бойынша, құлауға қатысты түстер өмірімізде қандай да бір істің оңға баспай тұрғанын білдіреді. Бұл өз таңдауыңызды қайта ойлау немесе жұмыста басқа бағытты қарастыру керегін білдіруі мүмкін.
«Түстердің иллюстрацияланған сөздігінің» авторы Рассел Грант былай деп түсіндіреді:
Құлауға қатысты түстер кең тараған. Бұл шынайы өмірдегі қорқыныштың, мысалы, жұмыстағы немесе жеке өмірдегі сәтсіздіктің белгісі болуы мүмкін.
Құстарды көрдіңіз
Құстар ғасырлар бойы ақпарат жеткізушілердің белгісі болып саналды, сондықтан оларды түсіңізде көру сіздің біреуден хат немесе хабар алатыныңызды білдіруі мүмкін.
Түстер бойынша эксперт және психолог Майкл Леннокс өзінің «Түс көру: кез келген түсті түсіндіру бойынша нұсқаулық пен сөздік» кітабында бұл сенім солтүстік мифологиясынан алынғанын жазған. Аңыз бойынша, құдайлар пантеонының басшысы Одинаның қасында бәрін көретін қос қарға еріп жүрген. Олар адамдар әлемінде саяхаттап, маңызды ақпараттарды тасыған.
Сіз емтихан тапсырып жатсыз
Сіз мектепті баяғыда аяқтасаңыз да, емтихан тапсыру жайлы түс көресіз бе? «Түстердің жасырын мағынасы» кітабының авторы Крейг Гамильтон-Паркердің айтуынша, бұл сәтсіздікке қатысты жасырын уайымыңызды білдіруі мүмкін. Ол оны былай деп түсіндіреді:
Емтихан — ол күйзеліс, оны тапсыру барысында біз өзіміздің кемшіліктерімізбен кездесуге мәжбүрміз. Түсіңізде емтиханнан өтпей қалғаныңызды, кешіккеніңізді немесе дайындалмағаныңызды көруіңіз, өзіңізді шынайы өмірдегі сынақтарға дайын емес сезінетініңізді көрсетеді.
Сіз ұшып барасыз
Түсінде ұшып бара жатқанын да көпшілік көреді. Ұшу қызықты болуы мүмкін, бірақ ол биіктіктен қорқатындар үшін қорқынышты.
«Түстер сөздігінің» авторы Тони Крисптің айтуынша, ұшуға қатысты түстерді екі түрлі түсіндіруге болады. Бір жағынан, ол еркіндікті білдіруі мүмкін. Ал екінші жағынан, ол адамның шынайы өмірден қашқысы келуін көрсетеді.
Тісіңіз түсіп қалды
«Түстер сөздігінің» авторы Пенни Пирс адамның түсінде тісінен айырылуының бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Бұл сіздің сыртқы келбетіңіз жайлы уайымыңызды көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ мұндай түс өзіңіздің басқалармен сөйлесу қабілетіңізді уайымдайтыныңызды білдіреді немесе ұялтатын бірдеңе айтып қалғаныңызды ойлағаннан болады.
Бірдеңе жоғалтып алып, соны таба алмай жүрсіз
Егер түсіңізде бағалы бірдеңені жоғалтып алсаңыз немесе бірдеңені іздеп, бірақ таба алмасаңыз, ол шынайы өмірде өзіңізді жеткілікті түрде маңызды және қажетті сезінбеуіңізді білдіруі мүмкін.
Бұл туралы психолог Ян Уоллес былай дейді:
Егер түсімізде біз әмиянымызды немесе кез келген бағалы затты іздеп жүрсек, өзіміздің басқалар үшін орнымыз (маңыздылығымыз) жайлы ойланып жүргенімізді білдіреді. Себебі шынайы өмірде өзін-өзі бағалауымызды жоғалтып алғанымызды сезуіміз мүмкін.
Кездесуге кешігіп барасыз
Егер сіз перфекционист болсаңыз, түсіңізде маңызды кездесуге кешігіп бара жатқаныңызды жиі көруіңіз мүмкін. Жолыңызда көптеген қиындықтарға жолығып, нәтижесінде жоспарланған жеріңізге жете алмай, оянып кетуіңіз мүмкін.
Түс талқылаушы Джейн Тереза Андерсонның айтуынша, мұндай түс шынайы өмірде шаруаларыңыз ойлағандай болмағандықтан пайда болған уайымды көрсетеді.
Сіз қозғала немесе сөйлей алмайсыз
Кейде түсіңізде қозғала алмай, қатып қалғаныңызды немесе бірдеңені айтқыңыз келіп, бірақ сөйлей алмайтыныңызды көруіңіз мүмкін. Түс талқылаушы Лэйн Далфен мұндай түсті өмірде көп істерді кейінге қалдыратын адамдар жиі көретінін айтады. Мұндай түс сіздің шынайы өмірде жұмысқа кірісуіңізді немесе көптен бері кейінге қалдырып жүрген істеріңізді қолға алу керегін білдіруі мүмкін.
Бұрынғы жігітіңізді көрдіңіз
Түсіңізде бұрынғы жігітіңізді көрсеңіз, бұдан жасырын мән іздеудің қажеті жоқ. Лэйн Далфеннің айтуынша, сіз танитын барлық адамдар түстер әлемінде бірін-бірі алмастырушыға айналады. Егер түсіңізде бұрынғы жігітіңізді көрсеңіз, бұл түс оның бір жеке қасиетін немесе бірге болған кездегі нақты бір сезімді білдіруі мүмкін.
Лэйн Далфен былай дейді:
Егер қазір кездесіп жүрген жігітіңізге өзіңізді бір сәтке болсын «қажет емес» секілді сезінсеңіз, әсіресе, оның әрекеті оған ұқсас болса және сондай сезім сыйласа, түсіңізде бұрынғы жігітіңізді көруіңіз әбден мүмкін.