- Негізгі бет
- Психология
- Адам тану үшін...
Адам тану үшін берілген 50 сұрақ
Әр адам өзіне сауал тастасын. Сауалда дұрыс немесе дұрыс емес деген ұғым болмайды. Әрбір сауалдың артында жауап жатыр.
1. Өзіңізге қанша жас берер едіңіз?
2. Ең жаманы қайсы: сәтсіздікке ұшырау немесе батылдық танытпау?
3. Егер өмір соншалықты қысқа болса, онда неге өзіміз қаламаған нәрселерді көп істейміз де, өзіміз қалаған нәрселерге аз уақыт жұмсаймыз?
4. Егер жұмыс бітсе, бәрі айтылса және бәрі жасалып қойылса, онда ол ненің арқасы – әңгіме немесе жұмыс?
5. Егер сізге жер бетіндегі бір нәрсені өзгертуге мүмкіндік берсе, онда нені өзгертер едіңіз?
6. Ақша табу – басты мақсатыңыз болса, қалай байитын едіңіз?
7. Сіз өзіңіз сенетін нәрсемен айналысасыз ба, немесе өзіңіз айналысқан нәрсеге сенім білдіресіз бе?
8. Адамның ғұмыр жасы орта есеппен 40 жастан аспайтын болса, сол уақыт аралығында өміріңіз қызықты өтуі үшін не істер едіңіз?
9. Өміріңізде болып жатқан оқиғалар қаншалықты маңызды?
10. Сізді көп мазалайтын не нәрсе: бір нәрсені дұрыс жасау ма немесе дұрыс бір нәрсе жасау ма?
11. Өзіңіз қатты сыйлап, құрметтейтін үш адаммен дастархан басында отырсыз. Олар сіздің жақын досыңызды (олар мұны білмейді) балағаттап, сынға ұшыратып жатыр. Бұл сындары әділетсіз. Не істер едіңіз?
12. Егер сіз кішкентай балаға бүкіл өмір бойына бір ғана кеңес бере алар болсаңыз, онда не айтар едіңіз?
13. Жақсы көретін адамыңызды құтқару үшін заңды бұзуға дайынсыз ба?
14. Мисыздық көрінген тұстан данышпандық көрінсе, қайтер едіңіз?
15. Бұл өмірде нені керісінше жасап жатырсыз? (Өзгелерге қарағанда)
16. Сізді бақытқа бөлейтін нәрсе басқаларды бақытқа бөлей алмайды. Қалай болғаны сонда?
17. Әлі күнге істей алмаған, бірақ, қатты қалап жүрген нәрсеңіз не? Сізге не бөгет?
18. Әлдеқашан қоштасу керек нәрсеге әлі күнге жармасып келесіз бе?
19. Егер сізге сырт елдердің біріне өмір бойына тұруға ұсыныс тастаса, қайда көшер едіңіз және неліктен?
20. Лифтегі тетікті бірнеше рет басқаннан, оның жылдамдығы өзгереді деп ойлайсыз ба?
21. Қайсысы болар едіңіз: жүйкесі тозған данышпан немесе бақытты ақымақ?
22. Неге Сіз - бұл Сіз?
23. Егер өзіңізге-өзіңіз дос бала алар болсаңыз, ондай досты қалар ма едіңіз?
24. Қайысы жаман: егер сіздің ең жақсы досыңыз сыртқы елдің біріне көшіп кетсе немесе араласпай көрші тұру?
25. Бұл өмірде ең бірінші не нәрсеге алғыс айтар едіңіз?
26. Қайсысын қалар едіңіз: өткен күннің барлық естеліктерін жоғалтып алу ма немесе жаңа естеліктердің болмауын ба?
27. Күреспей шындыққа жетуге бола ма?
28. Сіздің ең үлкен қорқынышыңыз ақиқатқа айналып отыр ма?
29. Есіңізде болар, 5 жыл бұрын қатты күйзеліп едіңіз ғой? Қазір сол күйзелістің мағынасы бар ма?
30. Балалық күннің ең бақытты естелігі деп нені айтар едіңіз? Сыры неде?
31. Өткен күннің қай оқиғасы тірлік пен өмір сүруді сезіндірді?
32. Егер қазір орындалмаса, онда қашан?
33. Егер осы қалағаныңызға жетпеген болсаңыз, онда нені жоғалтып алудың алдындасыз?
34. Басыңыздан мынадай жайт өтіп пе еді: біреумен бірге отырсыз, бірақ, әңгімелескен жоқсыз. Артынша өміріңізде ең маңызды әңгіме орын алғандай әсерде қалдырды.
35. Махаббатты насихаттайтын дін атаулысы неге онда барлық соғысқа себепші болып отыр?
36. Ненің жақсы, ненің жаман екенін күдіксіз-ақ білуге бола ма екен?
37. Егер сіздің қолыңызға миллион доллар берер болса, жұмыстан шығып кетер ме едіңіз?
38. Қайсысын қалар едіңіз: жасап тасталуы тиіс көп жұмыс па, әлде өзіңіз ұнататын аз іс пе?
39. Бүгінгі күн бұған дейін мың рет қайталанғандай әсер қалдырды ма?
40. Бір ғана ойға деген сеніммен бүкіл бір істі соңғы рет қашан тыңдырып тастадыңыз?
41. Егер сіз танитын жандардың бәрі ертең өлер болса, онда бүгін қайсысына барар едіңіз?
42. Өміріңіздің 10 жылын атақ пен танымалдылыққа қияр ма едіңіз?
43. Тірлік пен өмірдің айырмашылығы?
44. Тәуекелге бастай отырып, үлкен іске қашан кірісетін боласыз?
45. Егер біз өз қателіктерімізден сабақ алар болсақ, онда неге қателік жасаудан қорқақтаймыз?
46. Ешкімнің кінәләй алмасын біле отырып не нәрсені басқаша істер едіңіз?
47. Соңғы рет қашан өз жүрек дүрсіліңізді тыңдадыңыз?
48. Сүйіспеншілігіңіз не? Соңғы рет қашан махаббатты білдіретін іс-қадамдар жасадыңыз?
49. Кеше, арғы күні, оның арғы күні не істегеніңіз есіңізде ме?
50. Шешімді өзіңіз қабылдайсыз ба, әлде біреуге тәуелдісіз бе?
Г. Берік