Адам көк және қызыл түстердің үйлесімін қабылдай алмайды. Бұл екі түстің бірігуі жиі қолданылса да, адам көзінің қабылдауына ауыр болады. Қызыл мен көк түс бойды тітіркендіреді, ал көз тез шаршайды.
Сіз жағдайды емес, адамды кінәлайсыз. Есіңізге түсіріп көріңізші, күтіп тұрған адамыңыз уақытынан кешігіп жатыр. Ал сіз не болып жатқанын білгіңіз келмейді, бірден тарпа бас салып, адамды ғана кінәлайсыз, оны жауапсыз, салғырт деп айыптайсыз. Мүмкін автобус бұзылып қалған шығар, не көлік кептелісінде тұрған шығар. Өмірде түрлі жағдай болады емес пе? Өз қателігіңізді біле тұра, үнемі сол олқылықты қайталай бересіз.
Өз естеліктерімізді ойша өзгертіп жібереміз.
Болған оқиғалар компьютерде сақтаулы фильмдер секілді біздің миымызда сақталып тұрады деп ойлаймыз. Өкінішке орай, бұл мүмкін емес. Шын мәнінде, әр сәтті әртүрлі еске аламыз. Бұл жүйке жолдарының әр кезде әрқалай жанданатынына байланысты.
Адам таңдау мүмкіндігі мейлінше көп болғанын қалайды. Кез келген супермаркетке кірсек, бір тауардың бірнеше түрі барын байқаймыз. Себебі, әр адамның таңдауы әртүрлі.
Супермаркеттердің бірінде тәжірибе жүргізілді. Онда алдымен джемнің 7 түрі, одан кейін 25 түрі қойылды. Бірақ тәжірибе нәтижесі тауар түрі аз сөреден 6 есе көп сауда жасалғанын көрсетті. Бұл адам миының бір мезгілде бір тауардың шектеулі мөлшерін бағамдауға ғана қабілетті екенімен түсіндіріледі.