Адам ойын білуге бола ма?

Адам ойын білуге бола ма?

Ойдағы дүниені табудың қиындығын мына себептерден-ақ көруге болады.

  1. Ол рухани құбылыс. Рухты микроскоппен көруге, тыңдағышпен тыңдауға, таразымен өлшеуге, суретке түсіруге болмайды.
  2. Ол жасырын. Марк Твен: «Әр адам толған ай сияқты. Оның нұрлы жағы да, ежелден пенде баласына көрсетпейтін қараңғы жағы да болады» дегендей, адам ішкі ойының сырлы, мәңгі құпия қалатын тұстары да бар.
  3. Ішкі ой қимылының ырықтылық пен икемділік сипаты ерекше болады. Ойға бүкіл әлемді сыйғызуға болады. «Не ойлап жүргенін кім білсін?», «Мұны қалай ойлады екен?» деген сияқты таңырқанысты сөздерді үнемі естіп қалып жатамыз. Бұл адам ойын білудің, байқаудың шынымен де қиын екенін түсіндіреді.

Дегенмен адам психологиясы мәңгі шешілмейтін жұмбақ дүние емес. Ішкі ойдың байқалып, білініп тұратын кездері де көп. Ол алдымен сезім арқылы бейнеленеді. Мысалы, «жүзінен қуаныш лебі есу», «ашудан жарылып кете жаздау», «күлімдеу», «өтірік күлу» т.б.

Адам қылығы мен әрекеті де оның ішкі ойының жемісі. Пенде қатты ойға батқанда күрсінеді, кейбіреулер кетіп бара жатып, күбірлеп қалады, өз-өзінен күлімсірейді.

Адам тәніндегі физиологиялық өзгерістер де оның ішкі ойын танытып қалып жатады. Айталық, тамыры адыраяды, жүзі қызарады, шекесінен тер шығады, тыныс алуы жиілейді, сөзіне діріл араласып, әуені өзгереді.

Ал сіз айналаңыздағы адамдардың ішкі ойын оқи аламын деп айта аласыз ба?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: huanqiu.com

M. Auelkhan