- Негізгі бет
- Психология
- Адам ой-өрісінің ауқымын...
Адам ой-өрісінің ауқымын білу үшін қойылатын сұрақтар
Күніне мыңдаған сөз аузымыздан шықса, ондаған адаммен әңгіме айтамыз. Бірақ кей әңгіме жадымыздан өшіп кетсе, енді бірін мәңгі есте сақтаймыз. Бос әңгімеден жалықсаңыз немесе жаңа танысыңыздың ой-өрісін танып, оны жақынырақ білгіңіз келсе ерекше сұрақтар қойыңыз. Әңгімесуші де, сіз де уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Таныстарыңыздың жаңа қырын білу үшін massaget.kz сайты бас қосуларда қоюға болатын қызық сұрақтар тізімін ұсынады.
– Қазіргі жұмысыңызды істеуге тыйым салса, қандай жаңа саланы таңдар едіңіз?
– Ешқашан жұмыс істемеу мүмкіндігі туса, пайдаланар ма едіңіз?
– Есіңізде сақталып қалған, айқын түс көрдіңіз бе?
– Қай адамға қарап тамсанасыз?
– Дәл өзіңіз сияқты адаммен достасар ма едіңіз?
– Сіз көрген ең әсем жер қандай?
– Кез келген жерге бару мүмкіндігі туса, қай жерді таңдар едіңіз?
– Кез келген жерде тұру мүмкіндігі бұйырса, сіздің таңдауыңыз қай жер болмақ?
– Әлемнің 7 кереметін қайта жасаса, сіз тізімге нені қосар едіңіз?
– Адам өмірінде нені міндетті түрде басынан өткеруі тиіс?
– Сіз әлемде неден қорқасыз?
– Өміріңіздегі ең сәтсіз кезең сияқты көрінгенімен, кейін тек мұның жақсылық екенін ұққан сәт болды ма?
– Бәрі тамсанып талқылайтын, бірақ сізге мүлде ұнамайтын кітап не фильм бар ма?
– Фильм көріп не кітап оқып отырып жылаған кезіңіз болды ма? Олардың атауы қандай?
– Кітап не фильм кейіпкері болу мүмкіндігі туса нені таңдар едіңіз?
– Өміріңіз фильм болса, ол қалай аталар еді?
– Сіздің тарапыңызға айтылған біртүрлі “мақтау” қандай?
– Өміріңізде болған ең ыңғасыз жағдай қандай?
– Қоғам біртүрлі қабылдайтын, бірақ сізге бақыт сезімін сыйлайтын нәрсе бар ма?
– Өткеніңізден бір нәрсені өзгерту мүмкіндігі туса, нені өзгертер едіңіз?
– Әлемде тек бір ғана нәрсені өзгерту керек болса, нені таңдар едіңіз?
– Өміріңіздің соңына дейін тек бір ғана өнімді тұтыну керек болса, сіз нені таңдар едіңіз?
– Бір күнді қайта-қайта сүру керек болса, қай күнді таңдар едіңіз?
– Мәңгі өмір сүру мүмкіндігін таңдар ма едіңіз?
– Егер тек бір жыл өміріңіз қалса, оны қалай өткізер едіңіз?
– 15 жасар өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз?
– Балалық шағыңыздың ең тәтті естелігі қандай?
– Бала кезіңізде сүйікті заттарыңызды уақыт капсуласына салып, болашаққа жіберу мүмкіндігі болса, қай заттарды таңдар едіңіз?
– Сіздің мінсіз күн режиміңіз?
– Сіз естіген ең дана ой қандай?
– Сізде жарты сағатта бірнәрсе үйрену мүмкіндігі болса, нені таңдар едіңіз?
– Егер сізге өмір бақи бір жаста қалу керек болса, қай жасты таңдар едіңіз?
– Сізге қазіргі тәжірибе мен біліміңізді сақтап, қайтадан 10 жастан бастап өмір сүру мүмкіндігі туса не істер едіңіз?
– Дәуірлерді таңдау мүмкіндігі болса, сізге қай уақыт сай келеді деп есептейсіз?
– Кез келген тарихи оқиғаны өз көзіңізбен көру мүмкіндігі туса, нені таңдар едіңіз?
– Қандай ерекше қабілетті қалайсыз?
– Тек бір нұсқаны таңдай аласыз: балаңыз ақылды не мейірімді болады. Қай нұсқа жаныңызға жақын?
– Сізге жеткілікті қаражат беріледі және мәңгілік жастықты сақтап қалу мүмкіндігі туса, тек оның өтемі ретінде махаббатты сезінбейтін, ешқашан сүйе алмайтын болсаңыз, қайсын таңдайсыз?
– Сіз кіршіксіз сенетін, бірақ дәлелі жоқ ақпарат не теория бар ма?
– Қандай ортақ идея бар адамзатты біріктіре алады деп ойлайсыз?
Сіз үшін қай сұраққа жауап беру қиынға соқты, ал қай сұрақ қызық көрінді?