Әркім қолын өзі қалағандай етіп қояды. Оған ешбір заң мен ереже шектеу қоймайды. Алайда автор графикалық импровизацияны белгілі бір заңдылықтарға сүйеніп отырып жасайды. Аталған заңдылықтар оның болмысын танытып, ол туралы көп мәлімет береді.
Қолтаңбаның көлемі:
- көсілте қойылған қол - сананың ауқымды ойлау жүйесі;
- шағын қол – нақтылы ойлау.
Қолтаңбаның ұзындығы:
- ұзын – қиындықтың сырына толықтай үңілу; тырнақ астынан кір іздеу;
- қысқа – оқиғаның мән-жайын бірден түсіну.
Қолтаңба түрі:
- дөңгелек – жұмсақтық, мейірімділік, салмақтылық;
- үшкір – шыдамсыздық, ашушаңдық, қаттылық, тәуелсіздік, қырсықтық.
Әріптердің ара-қашықтығы:
- әріптерінің бір-бірінен алшақ орналасуы – жомарттылық, ысырапшылдық;
- әріптердің бір-біріне жақын орналасуы – үнемдеу, сараңдық (әсіресе әріптер кішкентай болса).
Қолтаңбада түрлі элементтің кездесуі:
- дөңгелек – үнемі қиындықтар мен идеялар туралы ойлау;
- ілмек – сақтық, қырсықтық;
- суреттер – шығармашылықтың адамы;
- жалғастырушы элементтер – өз саласының маманы болуға тырысу.
Қолтаңбаның иілуі:
- солға – бірбеткейлік, дарашылдық;
- оңға – мінездің тұрақтылығы, адам жанын түсіне білу;
- әріптердің тік орналасуы – ұстамдылық, турашылдық, ақыл;
- түрлі бағытта иілу – құпия мінез; арамдық;
- «сүйретілген» әріптер – жүйкенің сыр беруі, психологиялық ауруға шалдығу.
Ал Сіздің қолтаңбаңыз қандай?
Сурет: Massaget.kz