Адам денсаулығына жағымды әсер ететін 5 түс

Адам денсаулығына жағымды әсер ететін 5 түс
Фото: crello.com

Түстердің адам денесі мен санасына әсерін бағаламаудың қажеті жоқ. Кей реңктердің ағзаға жағымды әсер ететіні белгілі. Әлем халқының түрлі мәдениетінде бұрыннан түстердің мағыналары жайлы айтылады, ал кейін ол ғылыми расталып, тіпті медицинада қолданылатын болды. Ендеше, физикалық және психикалық денсаулыққа пайдалы 5 реңкті ұсынамыз.

Қызыл
Қызыл — өмірлік күштерді оятатын және энергияны ынталандыратын жалынды әрі жылы түс. Ол адреналинді арттырады және қан қысымын жоғарылатады. Сондықтан гипертониямен (жоғары қан қысымы) қиналсаңыз, интерьерде және киімде қызыл түстен аулақ болыңыз. Сондай-ақ қызыл түс депрессияны жеңілдетеді. Ол — жалпы өмірге қабілеттілікті арттыратын ең жақсы емдік түстердің бірі. Фэн-шуйда қызыл түс отпен, сыртқы экспансиямен (кеңею, даму), адамдар мен процестердің бірігуімен, билікпен және данышпандықпен байланыстырылады.

Қызғылт сары
Түстермен емдеу теориясы бойынша, қызғылт сары — ауруханалар мен балалар бөлмесі үшін ең жақсы түс. Қызғылт сары жылу таратады және қуанышпен, бақытпен байланыстырылады. Ол көңіл күйді көтереді және жағымды ойлар шақырады.

Сары
Бұл ашық әрі жарқын түс ақыл-парасатты ынталандырады және дене мен сананың жағымсыз ойлардан тазаруына ықпал етеді. Сары түсті, әсіресе, тері проблемалары бар адамдарға ұсынады. Сондай-ақ бұл түс адамның шығармашылық шабытын оята алады. Алайда сары түстің өте көп болмағаны да дұрыс, себебі ол ас қорыту жүйесінің жұмысын нашарлатуы және ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін.

Жасыл
Жасыл түс өзінің теңдестірілген емдік қасиеттерімен белгілі. Бұл жайлы түсті өсумен және жаңарумен байланыстырады. Сондай-ақ ол жайлылық пен тепе-теңдіктің болуына ықпал етеді. Жасыл түс жүрекке, өкпеге және қан тамырлар жүйесіне пайдалы.

Көк
Көк қан қысымы мен  жиіленген жүрек соғысын түсіруге көмектеседі. Бұл түс шынымен де сана мен денені босаңсытады. Көк пен көгілдір — алғырлық түсі, ал фен-шуйде ол — ауа стихиясының түсі. Идеализм, интуиция, сенім — бұлар көк түстің әсерлері.

А. Жапатова