- Негізгі бет
- Психология
- Адам болып келген...
Адам болып келген соң...
Бір мектеп басшысы жұмысқа алған әр мұғалімге мынадай хат жазатын:
"Құрметті ұстаз!
Мен концлагерьде болдым. Бірде бір адам көрмеуі керек дүниелерді көрдім:
- Инженер ғалымдар газды камералар жасап жатты;
- Кәсіби дәрігерлер балаларды улады;
- Оқыған медбикелер нәрестелерді өлтірді;
- Жоғары оқу орнының түлектері балалар мен әйелдерді атып, өртеп жатты...
Сондықтан мен «білімді» деген сөзге сенбеймін.
Менің сізге деген бір өтінішім бар: оқушыларға адам болуды үйретіңіз. Сіздердің шәкірттеріңіз зұлым ғалым, жаттыққан сұрқия болмауы керек.
Оқу, есеп шығару, жазу қабілеті балаларға тек игі ниетпен қажет екенін түсіндіріңіз. Оқушыларды «Адам» етуге тырысыңыздар".
Бұл расында да жүрекке тиетін сөздер. Әр залымның артында кішкентай ғана бала бар. Оның соншалықты қауіпті, қорқынышты адам болып өсуіне басқа адамдардың әсері бар екені сөзсіз. Сондықтан бұл өмірге адам болып келгендіктен, адам болып кетуге тырысайық!
Ф. Абилова