Адам болып туылғанмен, адам болып өмір сүру қиынның қиыны. Қытай жазушысы И Миннің естеліктерінен алынған үзіндіні сіздерге ұсынып отырмын.
Бастықтың қарсыласы болғаннан, қолғанаты болған абзал. Аз-кем зиян тартудан қорықпа. Ол байлықтың бастамасы шығар. Досыңнан айырылмайын десең, қарыз берме. Басыңа күн туғанда қасыңнан табылған адам ғана шын досың. Қашан да шүкіршілік етуді ұмытпа. "Басқалардың орнында мен болсам, қайтер едім?" дегенді үнемі ойлап көр. Ашулансаң, ештеңе де тындыра алмайсың. Жаныңдағыларға мейірім бағыштай біл. Мейлі билікті болсын, білікті болсын, тіптен, қайыршы болса да, құрметің бірдей болсын. Алға басқан қадамыңды артта қалған күніңмен өлшеме. Өткен кешірмеңе сын көзбен қарай біл. Отбасыңа сәт сайын сүйіспеншілігіңді арнай біл. Жұмыста көп істе, аз сөйле. Әсіресе бастығың жайлы айтар кезде абай бол. Әрбір жан иесін аялай біл. Өмірде қадір тұтқан адамыңды мәңгі ұмытпа. Ешкім саған қарыздар емес. Сол үшін де елдің бәріне ренжи берме.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: wordpress.com