- Негізгі бет
- Психология
- Адам болам десеңіз:...
Адам болам десеңіз: 15 кеңес
Адам болып туылғанмен, адам болып өмір сүру қиынның қиыны. Қытай жазушысы И Миннің естеліктерінен алынған үзіндіні сіздерге ұсынып отырмын.
- Бастықтың қарсыласы болғаннан, қолғанаты болған абзал.
- Аз-кем зиян тартудан қорықпа. Ол байлықтың бастамасы шығар.
- Досыңнан айырылмайын десең, қарыз берме.
- Басыңа күн туғанда қасыңнан табылған адам ғана шын досың.
- Қашан да шүкіршілік етуді ұмытпа.
- "Басқалардың орнында мен болсам, қайтер едім?" дегенді үнемі ойлап көр.
- Ашулансаң, ештеңе де тындыра алмайсың.
- Жаныңдағыларға мейірім бағыштай біл.
- Мейлі билікті болсын, білікті болсын, тіптен, қайыршы болса да, құрметің бірдей болсын.
- Алға басқан қадамыңды артта қалған күніңмен өлшеме. Өткен кешірмеңе сын көзбен қарай біл.
- Отбасыңа сәт сайын сүйіспеншілігіңді арнай біл.
- Жұмыста көп істе, аз сөйле. Әсіресе бастығың жайлы айтар кезде абай бол.
- Әрбір жан иесін аялай біл.
- Өмірде қадір тұтқан адамыңды мәңгі ұмытпа.
- Ешкім саған қарыздар емес. Сол үшін де елдің бәріне ренжи берме.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: wordpress.com
Қ. Қауымбек