Абьюзерді қалай тануға болады?

Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне шыдауға болмайды. Абьюзер тек физикалық күш көрсетіп қана қоймай, кейде ментальды түрде адамды шаршатып жібереді. Ондай жағдайда байқасаңыз әрі онымен ортақ шешімге келе алмасаңыз бұндай қарым-қатынастан аулақ болуға кеңес береміз. Қарым-қатынаста мына белгілерді байқай бастасаңыз, бір сараптап өтіңіз.

Дегенге көну
Қарым-қатынас – сыйластық. Біреуді бағындыру немесе өз меншігіңе айналдыру емес. Егер әрдайым сүйіктіңізді ашуландырмауға тырысып, өз ойыңызды білдіруден жасқана бастасаңыз қасыңызда шынымен сіздің адамыңыз жүр ме, мән беріңіз.

Жауапкершілік
Жауапкершілік тек іс қана емес, кейде кінәні мойындай білу. Кей адамдар кінәсін мойындамақ түгілі, өзгені кінәлі етіп шыға алады. Кез келген мәселе үшін сіз ғана кінәлі бола бастасаңыз, демек бір нәрсе дұрыс емес.

Басқару
Әр қадамыңыз, киіміңіз, әрекетіңіз бен достарыңыз да бақылауда болса бұл – абьюздің алғашқы белгілері. Қоғамда қалыптасқан кей таптаурындар бойынша әйел баласы ер адамға мойынсұнуы керек. Дегенмен махаббат деген сенім мен өзгенің шекарасын қорғаудан басталатынын естен шығармаңыз. 

Шындықты алмастыру
Сүйіктіңіз бәрін жатқанын жоққа шығарады, сізді "бәрін ойдан шығарып алғаныңыз" сендіреді. Уақыт өте келе сіз онымен келісе бастайсыз, өзіңізді сенімсіз сезіне бастайсыз. Сөз бен тәтті уәделердің құрбаны болмауға кеңес береміз.