- Негізгі бет
- Психология
- Абьюзер айтатын 5...
Абьюзер айтатын 5 тіркес
Бұл тіркестерді біз де өмірде қолданамыз. Бірақ абьюзер бұл сөздерді жиі қолданатыны соншалықты, сол арқылы адамның санасын билеп алады.
"Осы сен-ақ өмірі…"
"Сен-ақ кешігесің де жүресің, сүрінесің де жүресің, қателесе бересің" дегенді бәріміз естідік. Дегенмен кей адам бұны жиі қолданатыны соншалықты, естіп отырған адам уақыт өте өзінің қолынан бірнәрсе келеді дегенге сенуден қалады.
"Ойнап айттым ғой, соны да көтере алмайсың ба?"
Сарказм, орынсыз әзілдерде кейде кемсіту байқалады. Көп жағдайда әзілдеп отырған адам өзі ойын солай жеткізіп, кейін ренжіп жатсаңыз "әзіл ғой, соны да көтере алмайсың ба?" деп сөгіп жатады. Абьюзер адамдар әдетте үстемдік танытыу үшін осы әдіс көмегіне жүгінеді.
"Өзім істей саламын, сенің қолыңнан не келуші еді?"
Абьюзерлер өзінің "құрбанын" бала көреді. Оған сенім артпайды, кемсіте отырып, міндетті өз мойнына алады. Сол арқылы ол адамды бар мүмкіндігінен айырып, өзіне ғана мойынсұндырады.
"Уайымдайтын нәрсені тапқан екенсің!"
Өзгенің мәселесін құнсыздандыру — абьюздің алғашқы белгісі. Олар уайымдаудың өзі ақымақтық екеніне сендіреді. Адам соңында уайымын бөлісуден қалады. Сол себепті уақыт өте ол өзінің маңызды адам екенін ұмыта бастайды.
"Сен бәрін жүрекке жақын қабылдайсың"
Ұру, соғу, ауыр сөздермен айыптап алып, бұның бәріне "құрбанның" өзің кінәлап абьюзердің басты белгісі. Ол өзің сіздің "жұмсақ жүрегіңіз" арқылы ақтап алады.