Кез келген әйел қасында мықты серік болғанын қалайды. Әйел қиын кезде сүйенуге және кез келген жағдайда сенуге болатын еркекті іздейді. Тұлғааралық қатынас бойынша жаттықтырушы Елена Силка Marieclaire.ru сайтына әлсіз ерді қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын айтты.
Беймаза адам
Ол үнемі сасқалақтап жүреді. Егер еркек бірінші кездесуде аздап қобалжыса, бұл қалыпты. Бірақ егер мұндай әрекет үнемі байқалса, ол ескерту белгісі болуы мүмкін. Әбігершілік - бірінші кезекте, өзіне сенімсіздіктің белгісі. Өзіне сенімді ер адам көзге тіке қарауға қорықпайды.
Сенімсіз сөйлеу
Түсініксіз және жай (дауысы дұрыс естілмейді) сөйлеу де өзіне сенімсіз еркектерге тән. Кейде бұл оған ерекшелік сыйлап тұрғандай көрінуі мүмкін. Бірақ әйелдер көбіне жанынан ересек және жетілген еркекті көргісі келеді. Түсініксіз сөйлеу - үкім емес. Кейде жетістікке жеткен қызықты, ақылды ерлер әйелмен қалғанда екі сөздің басын қоса алмайды. Бұл қалыпты! Тек оның қызметі коммуникациямен байланысты емес болуы мүмкін және оған қоса, әркімнің мінезі әрқалай. Бұл жағдайда біз серігімізге көмектесе аламыз: бастаманы өз қолыңызға алып, өзіңіз туралы немесе өміріңіздегі қызықты жағдай туралы айтыңыз. Бұл жағдайды өзгертуге және оның өзін бос ұстауына мүмкіндік береді.
Не сұрарын білмейді
Сөйлесу кезіндегі ыңғайсыз кідірістер жиі өзіне сенімсіз адамды көрсетіп қояды. Бұл қалыпты. Ерлер өздерінің кәсіби құзыретіне қатысты тақырыптарға зейін қойып үйренген, ал өз ортасына жатпайтын әйелдермен не туралы әңгіме айтуға болатынын білмейді. Бірақ олар сөйлескісі келеді. Бұл жағдайда ерлерге қойғыңыз келетін сұрақтарды алдын ала дайындап алуды ұсынамын. Мысалы: "Саған не нәрсе қуаныш сыйлайды?", "Өміріңе кім үлкен ықпалын тигізді?", "Қандай армандарың бар?" және т.б. Осындай қарапайым сұрақтар әңгіме бастауға көмектеседі.
Жетістікке жетейін деп қалды
Сөзсіз, әркім өз өмірін мүмкіндігінше және ұнайтын режимде сүреді. Бірақ ашығын айтатын болсақ, 30 жасқа дейін еркектің ешқандай жетістікке жетпеуі күмән тудырады. Әрине, өмірде әртүрлі кезең болады, бірақ білімде, спортта, мансапта немесе хоббиде бір болсын жетістік болуы керек. Ерлердің мынадай түрі болады: достарымен бірдеңе ұйымдастырып жүреді, "осы жетістікке жетуі керек" деп күтеді, бірақ ештеңе болмайды. Олар қызықты, тартымды, бірақ мінезі әлсіз болуы мүмкін. Егер онымен қарым-қатынас құруды ойласаңыз, оны жақсы көріңіз, бірақ одан ештеңе күтпеңіз.
Айналадағының бәрі кінәлі
Мұндай ерлерден бірден кетіңіз. Өзінің барлық сәтсіздіктеріне басқаларды кінәлайтын еркектен аулақ болыңыз. Оның ойынша, проблема оның бұрынғы қызында, мемлекетте, бәсекелестерде, ата-анасында. Ол миллиондаған себеп айтады. Өмірге шағымданатын және салық жүйесі үшін нарықта көкөністерін сата алмағанын айтатын мықты еркекті кездестірмейсіз. Мықты адам әлемнің әділетсіз екенін біледі, сондықтан ол жүйеге бейімделеді немесе оны өзіне қарай бейімдеп алады. Жалпы кездесуде айналадағыларға шағымдану және оларды кінәлау - жаман қылық.
Қоғам ерлерге жоғары талап қояды. Қыздар да мықты, табысты ер адамға сәйкес серік болу керек. Сондықтан өз-өзіңізді дамытуды тоқтатпаңыз.