- Негізгі бет
- Психология
- IQ-тесттің дымға да...
IQ-тесттің дымға да пайдасы жоқ
Көптеген жерлерде білім көрсеткіші саналатын IQ-тесттің абыройын ағылшын ғалымдары бір-ақ күнде төгіп салды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жүйе адам миының тек кейбір қыртыстарына ғана қатысты екен.
Бір күнде жасай салған деуіміз артық шығар, себебі ағылшын және канадалық ғалымдар бірлесе отырып, ерікті 100 мың адамға зерттеу жасаған екен. Ал бұдан шыққан нәтиже жоғарыдағыдай.
Адам интеллектісінің коэффициенті туралы тесттердің тарихы сонау 1904 жылдан бері жалғасып келеді. Дәл осы жылы ағылшын ғалымы Чарльз Спирмен (Charles Spearman) егер адам бір есепті шешетін болса, оған бір үлкен фактор ғана әсер етеді деп шешкен. Ол оны "g" нүктесі деп қарастырған ("general" – «жалпы»). Мұның шылғи өтірік екені міне, бір ғасыр уақыт өткен соң ғана анықталып отыр. |
Ақиқатқа баланып келген аңызды канадалық Онтарио университетінің мамандары Эдриан Оуэн (Adrian Owen) мен Лондон мұражайының маманы Адам Хэмпшир (Adam Hampshire) анықтамақ болады. Олар 2010 жылы 12 Pillars of Wisdom сайтын құрады. Онда әрбір қолданушы 12-ге бөлінген тестілерден өте алатын болған.
Бұдан басқа, олар арнайы томографиялық зертханада 16 ерікті адамның белгілі бір мәселені шешуде қандай ми бөліктері жұмыс жасайтынын анықталған.
Зерттеу авторларының айтуынша, адамның интеллектуалдық деңгейі 3 факторға байланысты:
- Қысқа уақытты естеу сақтау қызметі
- Логикалық тұжырым жасай білу
- Вербалды компоненттер арқылы
Бұл факторлардың әрқайсысы әртүрлі қызмет атқарып, өзара байланысы жоқ болғандықтан, олардың жалпы нәтижесін біріктіріп тұжырым жасауға келмейді. Бұдан қорытынды шығарған ғалымдардың айтуынша, әлемде әртүрлі жағдайға байланысты көрсеткіш ретінде қабылданып жүрген IQ-тест жүйесі өтірікке пара-пар екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: softwarez.su
А. Құлтай