Hard skills және soft skills: айырмашылығы Hard skills (ағылшын тілінен аударғанда қатаң дағдылар) адамның қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығы. Онытәжірибе барысында,курстарға бару және кітап оқу арқылы қалыптастыруға болады. Қатаң дағдылар: Шет тілін білу; Мәтін теру жылдамдығы; Бағдарламалар тілін меңгеру. Жұмысқа орналасу кезінде бұл міндетті дағдылардың қатарына енеді.Soft skills (икемді дағдылар) мамандандырылмаған, бірақ өмір мен мансап жолында маңызды рөл атқаратын дағдылар жиынтығы. Яғни, бір саламен шектеліп қалмайды. Олар субъективті және өлшеуге келмейді.Икемді дағдылар: Жауапкершілік; Тәртіп; Көшбасшылық; Мәселені шешу мүмкіндігі; Сыни ойлау.Әрине, қазір икемді дағдылар туралы жиі естігенімізбен, қатаң дағдылар да әлі күнгеқұндылығынжоғалтқан жоқ.Өйткені, қанша жерден жауапты әрі ұқыпты болсаңыз да, белгілі бір салада кәсіби дағдыны қалыптастырмасаңыз, бір шеңбердің аясынан аса алмайтыныңыз анық. Қатаң дағдыны қалыптастыру үшін төзімділікпен ұзақ уақыт оқуға тура келеді. Оның пайдасы адамдарға бірден байқалады, бірақ дамыту үшін айлар мен жылдарды қажет етеді. Нard skills түрлері: Негізгі компьютерлік білім:Заманауи кез келген жұмыс түрі компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Соның ішінде негізгі Windows секілді операциялық жүйемен жұмыс істей білсеңіз, одан бөлек Word, Excel, PowerPoint, Outlook Express сияқты қосымшаларды еркін қолдансаңыз, жұмысыңыз екі есе жеңілдейтіні анық. Ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу де осы қатарға жатады.Математикалық дағдылар:Математиканы білу көп салада пайдалы: қаржы, құрылыс, архитектура, медицина, логистика, тіпті сауда әлемінде.Шет тілдерді меңгеру:Ағылшын тілін білсеңіз, өзге бәсекелестеріңізге қарағанда бір саты жоғары тұрасыз. Бұл сізге шетелдік сайттардан керекті ақпарат алуға, контент жасауға, шетелдік тұтынушылармен араласуға мүмкіндік береді.