Cүйгенінен айрылған ғашықпен әңгіме

Cүйгенінен айрылған ғашықпен әңгіме

Жоқ! Ол саған өте адал. Ол сені сүйген кезде сенімен бірге болды. Ал қазыр сені сүймейді. Сенен сол үшін айрылды. Дүниеде бұдан артық адалдық болмас. Егер ол сені сүймей тұрып, жалғаннан сені сүйдім деп алдаса, сенімен тұрмыс құрып, ұрпақ сүйсе – бұл нағыз алдау, опасыздық болмай ма?!

***

- Не болды? Сонша неге көңілсізсің?

- Сүйгеніммен айрылыстым.

- Е, қалыпты жағдай. Егер айрылып кетіп көңілсіз болмасаң, онда махаббаттың не баяны болмақ. Бірақ, айрылған кездегі оған деген ықыласың, бірген жүрген кездегі ықыласыңнан артық секілді?

- Қолға қонған құсымды жоғалттым. Егер бұл жағдай басқалардың басына түспесе, бұл өкініштің, азаптың дәмін олар қалай түсінсін?!

- Жоғалса, жоғала берсін. Не үшін еңсеңді көтеріп, алға ілгерлемейсің. Әлі талай бақыт құсы бар алда.

- Мен оның қайтып келуін күтемін. Мына дүние құрып біткенше оны күтемін.

- Бірақ, бұл күн мәңгі келе қоймас.

- Онда мен өзімді өлтіремін де, оған деген шынайы махаббатымды бейнелеймін.

- Осылай істесең сүйгеніңнен айрылып қалу былай тұрсын, өзің де құрисың ғой. Демек, сен екі есе зиян тартқан адам боласың.

- Ендеше мен оның жүрегін жаралаймын. Мен қолға түсіре алмаған бақыттың дәмін басқалар татамын деп ойламасын.

- Онда сенің сүйгеніңмен болған қашықтығың тіпті де алшақтайды. Ал сенің ойың онымен бірге болу емес пе еді?

- Ал айтыңызшы, мен сірә не істеуім керек?

- Ол қызды шынмен де сүйесің бе? Сүйген адамыңның бақытты болуын шын ниетіңмен қалайсың ба?

- Әрине.

- Ал ол үшін бақыт – сенен айрылысу болса ше?

- Бұл мүмкін емес! Ол кезінде менімен бірге болған кезін ең бақытты күндері екенін айтқан болатын.

- Ол өткен шақ. Өткен күндер. Қазір мүлде басқа.

- Ендеше, ол мені алдап жүрген болды ғой?

- Жоқ! Ол саған өте адал. Ол сені сүйген кезде сенімен бірге болды. Ал қазір сені сүймейді. Сенен сол үшін айрылды. Дүниеде бұдан артық адалдық болмас. Егер ол сені сүймей тұрып, жалғаннан сені сүйдім деп алдаса, сенімен тұрмыс құрып, ұрпақ сүйсе – бұл нағыз алдау, опасыздық болмай ма?!

- Ендеше, менің оған деген сезімім тектен-текке кетті ме? Мен оның өтеуін кімнен аламын?

- Жоқ. Сенің сезімің ешқашан селге кеткен жоқ. Сен оған шынайы сезіміңді арнағанда, ол да саған сондай сезіммен берілді. Сен оған көңілділік бағыштаған сәттерде, ол да саған дәл сондай көңілділік бағыштады.

- Бірақ, ол мені сүймей кетті! Ал мені оны әлі де сүйемін. Бұл неткен теңсіздік, әділетсіздік!

- Расында әділетсіздік. Ол саған емес, сен оған әділетсіздік жасап отырсың. Оны сүю – сенің еркіндігің. Ал сені сүю, сүймеу – оның еркіндігі. Сен тек өзіңді ғана ойлап басқалардың еркіндігін құрбан еткің келеді. Бұл неткен әділетсіздік.

- Бірақ, азап тартып жүрген ол емес, менмін ғой.

- О, бәлі! Сен қалайша ол үшін азап шегіп отырсың! Ол қазір көңілді ғой. Демек сен ол үшін емес, өзің үшін азаптанып отырсың. Барлығы өзің үшін. Сүйте тұра, өз азабыңа сүйреп әкелгің келеді.

- Демек, мұның бәрі менің қателігім болғаны ма?

- Солай! О баста-ақ сен қателік жасадың. Сенің қателігің оған бақыт сыйлай алмағандығыңда. Егер ол бақытты болса, сенен айрылмас еді.

- Бірақ, ол маған титтей де орай берген жоқ. Сеніңше бұл оңбағандық емес пе?

- Расында оңбағандық. Бірақ сен әлдеқашан ол оңбағаннан айрылып кеттің. Демек, құтылдың. Енді өзіңді бақытты сезінуіңе болады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек