“Психология” бөлімінде әйелдер жайлы қызықты психологиялық материал жазылған болатын. Енді ер-азаматтар жайлы да қызықты әрі нақты талқы жүргізіп көрелік.
“Біреудікі біреуге ай көрінеді”. Шынын қуғанда бұл сөз естір құлаққа тым тұрпайы. Алайда, 90% еркектер мұны іштей кемінде жүз рет қайталайды. Жануарлар секілді 90% еркек көп әйелді болғысы келеді. Алайда бұл тек көңілдегі “арман” ғана.
1. 90% ерлер әйеліне серік болып, көше қыдырғысы келмейді. Ал әйелімен көше қыдырып жүрген еркектердің 90 пайызын әйелдері ертіп алғандар.
Ер мен әйелге ұқсамаған жыныс сыйлағаны секілді, ұқсамаған көзқарас та сыйлаған. Ақылды әйелдер күйеуімен бірге көше қыдырғысы келсе, мынадай үш түйінді ұмытпауы керек екен: ерлерді қатты қалжыратып немесе қалтасын қағып алмаңыз; Босағадан аттарда одан не сатып алғысы келетінін сұруды ұмытпаңыз; Базар аралаған сәтте күйеуіңізге қажетті затты алдымен немесе ең соңында ғана сатып алыңыз.
2. 90% ерлер қайын апасының үйіне барғысы келмейді, ал барған еркектердің 90 пайызы отбасының берекесі немесе әйелінің көңілі үшін ғана барғандар.
3. 90% ерлер ақшалы болсам деп қиялдайды. Ал ақшалы болған соң, баласынан басқаның бәрін де жаңадан алғысы келеді. Алайда, 90% ерлер ештеңені де жаңасына ауыстырмайды.
4. 90% ерлер махаббат жайлы әңгімелер мен кескіндерді көруді ұнатады. Алайда, олардың 90 пайызы тым аз көремін немесе мүлде көрмеймін деп жауап береді.
5. 90% ерлер нәпсіқұмар қиялға беріледі. Алайда сол қиялдағы 90% әйелдер өзінің жары емес.
Ерлерде мынадай жасырын көңіл-күйдің болатындығын мойындамасқа болмайды: Айдай әсем арумен әсерлі сезімге толы бір кешті бірге өткізуді, онан соң бұған жауапты болу-болмауды қаперіне алмауды үнемі ойлайды. Мұның бәрі тек түс немесе қиялдағы көріністер ғана.
6. 90% ерлер әйелдерге жақындағысы, жақсы әсер қалдырғысы немесе “гүл қорғағыш елші” болғысы келеді, алайда 90 пайызы арманына жете алмайды.
7. 90% ерлер өз шаруасын ойдағыдай тындырдым деп ойлайды. Алайда тындырған істерінің 90 пайызынан әйелдері кемшілік тауып жатады.
8. 90% ерлерге өзгелердің әйелі сүйкімді көрінеді. Алайда 90 пайызы жақындауға батпайды.
9. 90% ерлер әйелінің сөзін тыңдағысы келмейді. Алайда 90 пайызы бәрібір тыңдайды.
10. 90% ерлер өздерінің кемшіліктерін жақсы біледі. Алайда 90 пайызы түзете алмайды.
11. 90% ерлер сұлу әйелді көргенде, “Мұның күйеуі кім екен, неге ертерек кезікпеді екенмін” деп ойлайды.
12. 90% ерлер ерте бас құрағанына өкінеді. Ал 90 пайызы қазір той жасағанымда, мүлде бұлай болмас еді деп ойлайды.
Ерлердің көзқарасында, “махаббаттың талабы онша жоғары емес, тек екі адам бір-бірін сүйсе ғана жеткілікті. Дегенмен, бас құрау бұған мүлде ұқсамайды, ол екі адамның жүрегін жаралайды. Сондықтан тек махаббаттасып, той жасамау – жақсы талғам деп ойлайды. Сондықтан махаббатты үйленуден жоғары қояды.
13. 90% ерлер суық жүріске салынып, сайран салғысы келеді. Алайда, 90 пайызы сезіліп қалсам, бетіммен жер басамын деп қорқады.
14. 90% ерлер ыстық махаббат құшағында бал жаласып жүрген жұптарды байқағыш келеді. 90% ерлер дәл сол орай маған қайта айналып келсе ғой деп армандайды.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: spcnet.tv