- Негізгі бет
- Психология
- 8% сәтсіздік...
8% сәтсіздік
Психолог ғалым мынадай бір қызықты тәжірибе жасаған.
Тәжірибеге қатысушы бір топ еріктіні жинап, оларға келесі жеті күн ішінде туылуы мүмкін болады-ау деген барлық күйзелісті жағдайларды жазып, оны өзі дайындап әкелген «Сәтсіздік жәшігі» атты қағаз қорапқа салуын өтінген.
Жеті күн өткеннен кейін ол барлық қатысушыны жинап, әлгі қорапты ашып, қатысушылардың жазғандары мен олардың өмірінде болған сәтсіздіктерді салыстырған. Нәтижесінде, қатысушылар жазған күйзелісті жағдайлардың 90% мүлде туылмаған болып шығады. Психолог қатысушылардан осы туылмаған сәтсіз жағдайларды қайта жазып, қорапқа салуын өтінген. Тағы да үш апта өткеннен кейін ғалым оларды жинап, болған оқиғалар мен жазылған істерді салыстырады.
Салыстыру барысында бұл сәтсіздіктердің барлығын адамдардың өздері тауып алатындығын байқаған. Нақты санды мәліметтер бойынша айтар болсақ, қарапайым адамдардың басындағы күйзелістердің 40% өтіп кеткен істер жайлы болады екен, ал 50% күйзеліс пен сәтсіздік болашақтан келеді деп алаңдап жүреді екен. Тек 10% істер ғана қазіргі нақтылы жағдайлар екені белгілі болған. Бір қызығы осы айтып отырған болады-ау деген сәтсіз жағдайдарлың 92% мүлде болмайтын істер екен. Тек 8% істер ғана біздің өмірімізде болып жатады.
Дәрігерлердің бәрі мынадай бір ақиқатты біледі, яғни, көптеген ауруларды емдемей-ақ жазуға болады, дәл сол сияқты, көптеген күйзелістер екінші күні таң атысымен-ақ өздігінен ғайып болады.
Күйзелісті жеңудің ең жақсы жолы тамаша тұрмыс әдетін қалыптастыру, іштегі назаны ағып кететін су сияқты қарау керек. Өзіңді осы тұңғиыққа тұншықтыруға жол берме, егер мазасыздана бастасаң назарыңды айналаңдағы шынайы өмірге бұр, көп жағдайда адам өз жүрегін қараңғылыққа қамап қояды, дәл осындай жағдайда біз көркем өмірдің не үшін осыншама тамаша болатынын ақ параққа жазып, оны қайталай оқи бастасақ ол сіздің қараңғылық ішіндегі жүрегіңізге сәуле түсірері, оны қараңғылықтан құтқарары анық.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan