70 жылдан бері бірге

70 жылдан бері бірге
Фото: boredpanda

Неткен ғажап десеңізші, 70 жылдан бері бірге. Өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көріп келген жұбымыз осы жылы өздерінің некелескендеріне 70 жылдығын атап өтті. 98 жастағы Ван Дей мен 97 жастағы Цао Юеху (Wang Deyi and Cao Yuehua) есімді қытайлық қария ата мен апа 1945 жылы өз тағдырларын бірге байланыстырған. Олардың бауыр еті 4 баласы осы бір кереметтей мерей тойларын дүркіретіп тұрып тойлауға ат салысқан екен.

Отбасындағы 60 жастағы кенже баласы Цао Пангпей: "Менің әке-шешемнің жастары 98-ді алшақтады. Олар өте ұзақ уақыт бой бірге өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде елде болған соғыс пен саяси тартыстарға қарамастан әлі күнге шейін бірге. Оған қарамастан олар бір-бірін осы күнге шейін сүйеді. Біз олардың махаббаттарын еске алып отыру үшін көмектескіміз келді" − дейді СNN-ге берген сұхбатында.

Балаларының айтуынша, олардың естеріне көп нәрсе қалмаған. Тек әсте-әсте кезінде соғыс жылдары уақытында бір-біріне жазысқан хаттары арқылы көп жағдайды естеріне алып отырады екен. 

senior-couple-recreates-wedding-day-8

С. Ерсін