Эмоционалды тұрақсыздық қазірде көпшіліктің дерті болды. Айтылған ауыр сөз, кеңселік өсектер, шаршағандық, жұмыстың көптігі, басқа да қиындықтар ашуыңызды келтіріп, жүйкеңізді жұқартты ма? 60 секундта сабаңызға түсіңіз.
Денеңізді босаңсытыңыз. Денеңізді босаңсытыңыз, себебі стресс кезінде дененің бұлшық еттері қатайып, жағдайыңызды ушықтырады. Ызалана бастағанда денеңізді босаңсытуға тырысыңыз, осылайша стрестен тезірек арыласыз. Демді ішке алғанда бұлшық еттерді ширығып, дем шығарғанда босаңсытыңыз. Бірнеше рет осы жаттығуды қайталаңыз. Дем алыңыз. Өте терең және өте баяу. Бірнеше секундтан кейін сабаңызға түсесіз. Қолыңызды ағын сумен жуып, бетіңізді, мойыныңызды сулы қолмен сүртіңіз. Саусақтарыңызды біріне-бірін басып, "саусақ массажын" жасаңыз. Бұл дауа көңіліңізді алаңдатып, ашуыңыздың басылуына көмектеседі. Мүмкін болса, айнаның алдына барып, өз бейнеңізге қараңыз. Ыза үстіндегі келбетіңіз қандай екен?
Ал сіз сабаға түсу үшін не істейсіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: brainstunts.blogspot.com