- Негізгі бет
- Психология
- 5 қызбен қатар...
5 қызбен қатар жүрген жігіттің хикаясы
Бүгінгі жастардың махаббаты «Қыз Жібек пен Төлегендікінен» әлдеқайда өзгеше. Өйткені бір-біріне сенбей, ренжіссе, айырылысып кетуге дайын тұрады. Десе де шынайы махаббат та жоқ емес. Өмірлік жарымызды жолықтыру үшін көп сыннан өтуіміз керек.
- Білесің бе? Дәл қазір 5 қызбен қатар жүріп жүрмін. Жоқ, сен ойлағандай оларды қорлайтындай еш әрекет жасамадым. Бірақ бесеуімен қатар сөйлесіп жүре беруден жалықтым. Тіпті қайсысы қаттырақ ұнайтынын білмеймін. Таңдауды қалай жасасам екен?
- Ашық сөйлес. Мән-жайды түсіндір.
- Сонда қалай?
- Өзіңді сүйіктісі жоқ адамдай сезініп, әр қызға басқа қыздарыңның бар екенін айт.
- Бұл қалай көмектеседі?
- Сен алдымен көрсеңші. Сосын не болғанын айтасың.
Арада жарты жыл өтті.
- Қалайсың? Менің кеңесім көмектесті ме?
- Ия, өте жақсы кеңес екен. Бәрін ашып айтқанымда екі қыз менімен кездесуден бас тартты. Олардың бұлай жасағандары үшін еш қиналған жоқпын. Мүмкін дөрекілік танытқан шығармын. Үшеуі қалды. Бар қызық осы жерден басталды. Уақыт өте келе қалған үш қызға барлығын ашып айта алмайтынымды түсіндім. Біреуіне бәрін айттым, екіншісіне жартысын, үшіншісіне тіпті тіс жармадым. Осы қыздардың ішінде тек біреуіне ғана болған жайды бүге-шүгесіне дейін қалдырмай айтып бере алатын едім.
- Сен өмірлік жарыңды тапқан сияқтысың.
- Дұрыс айтасың. Кеңесің үшін көп рақмет!
- Қарым-қатынас берік болуы үшін екі жас бір-біріне сенуі тиіс. Бұл - шынайы махаббат. Шындықты айту арқылы бір-бірімізге деген сеніміміз арта түседі. Мен ашылып сөйлесе алмайтын адаммен сырласып көрмедім. Керісінше ешкімге тіс жарып айта алмайтын адамыма байланып қаламын. Сезімді қадірлей біліңіздер!
Қ. Бүйенбай