5 "жақсы" әдеттен арылыңыз

5 "жақсы" әдеттен арылыңыз

Тым позитивті ойлануды доғарыңыз. Біз алған қойған мақсаттарымыздың жүзеге асқанын елестеткенде, ол бізді түйсіксіз түрде өзімізді-өзіміз сүюшілікке алып келуі мүмкін. Әрқашан қандай да бір мақсат болғаны жөн. Алайда, алда қандай қиындықтарға тап болатыныңызды естен шығармаңыз.

Күніңіздің әр минутын бос жібермеуге тырыспаңыз. Сіз кенеттен келетін керемет ойлардың неге ең қолайсыз сәттерде келетін ойланып көрдіңіз бе? Мәселен душ қабылдау кезінде? Мұның себебі душ қабылдау кезінде адам бойын еркін ұстап, әлемде жаңа шыққан технология, жұмыс, әріптестердің ой-пікірлері жайлы ойлана бермейді. Біздің идеяларымыздың жетіліп, басқа идеялармен бірігуі үшін уақыт қажет. Ал қарабайыр іш пісу бұл процессті табиғи күйде орындауға мүмкіндік береді.

Интернеттің сіз туралы не ойлайтыны жайлы тым қатты уайымдауды тоқтатыңыз. Кіріп шығу трафигін бақылау, өз атыңды гуглдан іздеу немесе қанша оқырмандарыңыздың бар екенін есептеу –  жақсы нәрсе сияқты болып көрінгенімен, бұл толықтай дерлік сенімсіздікпен еңбек етуге келеді және ол сіздің шығармашылығыңызды алға қарай итермелеуі екіталай.

Қабыл алмауды (бас тартуды) біреуден көрудің орнына оны қателік деп есептеңіз. Және сол қателікті тезірек жөндеуге асығыңыз. Бір нәрседен қабылдау алмау – әрдайым жанға бататыны да белгілі. Бірақ, соған қарамастан, шегінбеңіз. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне көз жүгіртер болсақ, қабыл алмау және содан кейін айтылған « Мен оларға көрсетемін әлі» деген сөздер – расында да оңай жолмен жеткен мақұлдауға қарағанда, сіздің өнімділігіңізді анағұрлым арттырады екен.

Жұмысқа артық уақыт жұмсамаңыз. Әдеттегіден артық жұмыс істеу қажет болғанда, адамдардың көбі жеке уақыты мен күшін құрбан етіп жатады. Бірақ, қалай болғанда да біздің жұмыс уақытымыздың белгілі бір шегі бар. Асыра істеп, біз шығармашылық тоқырауға ұшырауымыз әдбен мүмкін. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: lifestyleupdated.com

Ж. FM