Бұл тест сіз туралы көп мәлімет береді демейміз. Десе де өзіңізді жаңа қырыңыздан тануға көмектеседі. Небары 1 минуттың ішінде жауап беруге болатын 4 сұрақ қойылады. Өзіңізді тексеріп көрген соң достарыңызға да ұсынсаңыз болады.
Тест мінез бен қабілетті анықтауға көмектесетін мидың оң және сол бөлігінің қайсысы көбірек жұмыс істейтінін анықтайды. Барысында төрт таңбалы санды жаттап алуыңызға тура келеді. Егер есте сақтау қабілетіңіз нашар болса, қолыңызға қағаз бен қалам алғаныңыз жөн.
Сұрақтар:
1. Саусақтарыңызды айқастырыңыз.
Сол қолыңыздың бас бармағы қолдың үстінде тұрған болса, 1 санын жазыңыз. Ал оң қолыңыздың бас бармағы үстінде тұрған болса, 2 санын жазыңыз.
2. Бір көзіңізді жұмып, алыста тұрған затты көздеңіз.
Егер оң көзіңізді жұмған болсаңыз, 1 санын, сол көзіңізді жұмған болсаңыз, 2 санын белгілеңіз.
3. Қолыңызды кеудеңізге қойып, айқастырыңыз.
Қолыңыздың қайсысы үстінде тұр? Оң қолыңыз – 2, сол қолыңыз – 1.
4. Шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстінде тұрса, соңғы цифр – 1, ал оң қолыңыз үстінде тұрса, соңғы цифр 2 болады.
Жауаптары:
2222 – мінезіңіз өте тұрақты, ескішілдікті жақтайсыз. Сөз таластыру, жанжал дегендерді ұнатпайсыз.
2221 – өз бетіңізбен шешім қабылдауға қабілетсізсіз.
2212 – кез келген адаммен оңай қарым-қатынасқа түсесіз, ақкөңілсіз.
2111 – тұрақсыздық байқалады. Ешкімге сенбейсіз, барлығын өзіңіз жасайсыз.
2211 – сирек үйлесім. Мінезіңіз жұмсақ, әрдайым тіл табыса білесіз.
2122 – мінезіңіз жұмсақ, әрі іс-әрекетіңізді талдауды ұнатасыз. Барлығынан қауіптенесіз. Қоршаған ортаңызға салқынқандылық танытасыз.
2121 – бұл үйлесім де өте сирек кездеседі. Өзгелердің жетегіне оңай еріп кету сынды қасиетіңіз бар.
1112 – сезімтал, жігерлі, шешімді дұрыс қабылдай білетін жансыз.
1222 – бұл үйлесім жиі кездеседі. Қиындықтарды жеңу үшін табандылық танытпайсыз. Маңызды шешім қабылдар кезде өзгелердің көмегіне жүгінесіз. Мұнымен қатар, сезімталсыз әрі өзгелермен жақсы тіл табыса аласыз.
1221 – алданғыш, сезімтал, тұрақсыз жансыз.
1122 – қарапайым, бәріне дос бола білетін жансыз. Жасаған әрекеттеріңізді талдауға құмарсыз. Қызығушылықтарыңыз көп болса да, барлығына бірдей уақытыңыз жете бермейді.
1121 – мінезіңіз жұмсақ, адамдарға қатты сенесіз. Шығармашылыққа жақынсыз.
1111 – өзгерісті жақсы көресіз. Өміріңізде шығармашылықтан өзге де қызығушылықтарыңыз жетерлік. Өзімшіл, тәкаппар жансыз. Алайда қырсық мінезіңіз өміріңізге еш кедергі жасамайды.
1212 – мың жерден сүрінсеңіз де, қайта тұрып жүгіруден шаршамайсыз. Алдыңызға қойған мақсатыңызға міндетті түрде жетесіз.
1211 – адамдармен тіл табысуыңыз қиын. Тұйық мінезіңіз де бар. Алайда өте жігерлі жансыз. Алдыңызға мақсат қойған болсаңыз, оған міндетті түрде жетесіз.
2112 – мінезіңіз нәзік. Адамдармен оңай тіл табысасыз. Қызығушылығыңызды жиі ауыстырасыз.
Ал Сіздің нәтижеңіз қандай болды?
Сурет:cluber.com