Өмірде қателеспейтін жан боласы жоқ. Алайда мүлт жіберген бір қателік үлкен өкінішке соқтыруы мүмкін. Ал әйел адам өзгерген кезде, ер адамның да оған деген қарым-қатынасы өзгереді. Назарларыңызға әйелдер қауымының жиі жіберетін 7 қателігін ұсынамыз.
1. Сіз жиі ақылгөйсіп кетесіз
Қарым-қатынастағы басты қателік – әйел тарапынан әңгіменің көбейіп кетуі. Бұл бос әңгіме емес. Әйел көбінесе өзінің неге көңілсіз екенін түсінудің орнына, «Мен саған қалай жасау керек екенін айтамын! Мен білемін! Сен білмейсің!» деген секілді сөздерді көп қолданады.
2. Біресе көл, біресе шөлсіз
Әйел адам біресе көл, біресе шөл болып қалатынын мойындауымыз керек. Біресе «үнемі қолжетімді», біресе «мүлдем қолжетімсіз» болып кетеді. Яғни ана мен әйел екеуінің арасында өзіндік айырмашылықтар бар екенін біле бермейді. Әйел дегеніміз – ана мен қыздың әдемі үйлесімі. Осы екеуі бірігіп, байсалды, толықтай үйлесімді, ара-тұра өзгере алатын әйел адамды жасай алады. Ана ешқашан да өзгере алатын әйел бола алмайды. Себебі ол үнемі мазасыздануы керек, түзу жолмен жүріп, үлгі көрсете білу қажет.
3. Арыстанды алақанмен ұрып жүрсіз
Ері үмітін ақтамағанын айтып, өзіне тең келмейтіні туралы меңзей береді. «Сен жалқаусың!», «Қашанғы шыдауға болады?», «Ешқашан ақша таппайсың!», «Қашанғы жүресің?» деген сияқты сөздерді жиі айтады. Мұны мынадай жағдаймен елестетуге болады. Мысалы, арыстанды күн сайын алақанмен ұрғанмен тең. Оған сен «арыстан емессің, сен күшті емессің» деп айтқанмен бірдей. Оның орнына «Менің көңіл-күйім болмай тұр», «Сен мені түсінгенің өте маңызды, ал сен аса мән бермедің, соған біраз ренжіп тұрмын» деген сияқты сөздермен алмастыру керек. Осылайша, әйел адам ер адамға оның іс-әрекеті өзінің көңіл-күйіне әсер ететінін, яғни ер адам әйел адамның эмоционалдық жағдайына жауапты екенін білдіреді. Бұл өте маңызды. Себебі, әйелдердің барлығы жауапкершілікті күтеді. Ал ер адам – артық жауапкершілікті алғысы келмейтін, өзін жайлы сезінетін адам. Сондықтан азаматтарымыз қасындағы жұбының көңіл-күйіне жауап бермес үшін, оған ыңғайлы жағдай жасауға тырысады.
4. Сіз бақыттың не екені түсінбейтін боларсыз
Ата-ана өзінің ұл-қызына бақыт сезімін сыйлай білуі керек. Осы арқылы есейгеннен кейін де өзін әлеуметтік ортаға сәйкестендіре алатындай болуы керек. Мысалы, ол жақсы баға алған кездегі сезімді, тәртіпті болғаны үшін, мақтаған кездегі сезімдерді білгенімен, өмірдегі маңызды сәттердегі бақытты сезінудің жай-жапсарын білмейді. Сол себепті қызға кездескен жігіт «Сенің бақытың менмін» десе, сеніп, соның соңынан еріп кете береді. 2-3 жыл өтеді, бірақ ол бақытты сезіне алмайды. Содан өкініш басталады. Оның соңы басқа да қиындықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ата-ананың басты міндеті – балаларына бақыттың не екенін сезіндіру, бақыт сезімін сыйлау.
5. Балаларға жылулық дегеннің не екенін үйретпегенсіз
Қыз әкесіне жақындаған кезде, оны құшақтап, бүкіл мейірімін төгеді. Осылайша, табиғат өзінің іс-әрекет үлгісін көрсетеді. Егер әйел адам үнемі өзін осылай ұстаса, онда ер адамның суыққанды болуына мүмкіндік те болмас еді. Бірақ жыл өткен сайын әйел адам өзінің жылуынан айырылады, өзінің мейірімін ер адамға бере алмайды.
Егер сіз күйеуіңізге жақсы сөз айтсаңыз, оның сізге жақсы сөз айтудан басқа амалы қалмайды. Біздің балалар да тура сол сияқты. Ең алдымен олардың сезімдерін ескеру керек. Егер балаңыз жыласа, оған қайдағы жоқ ұсақ-түйекке жылап отырғаны туралы айтпаған дұрыс. Керісінше, «Сенің орныңда болсам, мен сөйтер едім» деп айтқан жөн. Осы жерде балаға бәрі жақсы екенін түсіндіру маңызды. Сонымен қатар ақылгөйсіп кетуден аулақ болған жөн. Көбі былай дейді: «Мен кез келген жағдайда сенімен біргемін, бірақ сен тыңдашы мені, мен сендей болған кезде...» Осылай кете береді...
6. Ер адамды сөйлеуге үйретіңіз
Ер адам сөйлей білуі керек. Ол сөйлемесе, әйел адам өзін керексіз сезінеді. Көп жағдайда ер адамдар өз бетінше жоспар құрады да, оны әйел адаммен талқыламайды. Егер ол: «Мен бүгін жұмыс істеймін, себебі үш жылдан кейін өзімізге үй алу керек» десе, онда әйелі оны қуана қолдайтыны белгілі. Ал ер адамның ойынша, егер ол сізбен бірге өмір сүріп, үйге келіп, тамағыңызды ішіп жүрсе, осының бәрі - оның сүйетіндігінің көрсеткіші. Бірақ әйел адамға бұл аздық етеді. Сондықтан әйел адамға осының бәрін сөзбен жеткізу керек.
Әйел адам әр нәрсені жеке-жеке көреді. Сосын сол бөлшектерден жалпы көріністі құрайды. Ал ер адамдар жалпы көріністі бірден көреді. Бір жақсы ойын бар. Сіздің жарыңыз бірдеңе істеп беруіңізді өтінсе, мысалы, көйлегін сұраса немесе шай дайындап беруіңізді өтінсе, оған былай деп айтыңыз «Мен үшін аса маңызды үш сөзді айтшы, мен саған көйлегің қайда екенін айтамын?» немесе «Мені еркелетіп 5 сөз айтшы, сол кезде ғана саған әлемдегі ең керемет шайды дайындап беремін». Яғни ер адамды үнемі сізге осындай сөздер айтып тұруға үйрету керек. Кейін ол өзі де осы сөздерді қолдана отырып, көңіліңізді табуға тырысады.
7. Өз сұлулығыңызды бағаламайсыз
Неліктен әйел адам көшеге шығар алдында сағаттап айнаның алдынан шықпай, бейтаныс адамдар үшін әдемі көрінгісі келеді де, үйде өзінің жары үшін әдемі көрінуге тырыспайды? Себебі, әйел адам үшін елдің пікірі маңызды. Ал өзінің күйеуі ешқайда қашпайды, ол қасында. Оған өзінің күйеуінің бірдеңе деп мақтағанынан гөрі, бөтен адамның оның күйеуіне «Әйелің не деген сұлу» деп айтқаны маңыздырақ. Мұны дұрыс деп айтуға келмейді. Сондықтан бұл пікірден арылу керек. Әйел адам өмірінің соңына дейін әдемі болып жүруі керек. Жасы қаншада, қандай жұмыс істейтініне, қай жерде жүргеніне қарамастан, өз-өзіне күтім жасауды ұмытпаған жөн.
Дереккөз: anabol.kz