30 секундтық сынақ

Сынақ дегенге қолыңызға қалам мен қағаз алудың қажеті шамалы. Жазбаны соңына дейін оқысаңыз, соның өзі жеткілікті. Егер жауабын білмесеңіз, келесі сұраққа өте беруіңізге болады.

Сұрақтар:

Әлемдегі бес мемлекет басшыларының аты? Жақынғы бес жылдағы есіңізде қалған Нобель сыйлығы лауреаттары? Әлем аруы атағын еншілеген бес сұлу? Пулитцер ақпарат сыйлығын алған үздік бес журналист? Оскарды еншілерген бес фильм, бес үздік әйел актер мен ер актер?

Сауалдарға жауап беру үшін Google-датып жіберуіңіз мүмкін. Оның қажеті жоқ. Бұл әйгілі жандардың есімі есімізде тұра бермеуі мүмкін. Марапаттау аяқталады, сыйлықтар мен жүлделер ескіреді. Ат-атақ, куәліктер бұрынғысындай құнды болмайды, ұмытылады.

Енді тағы бір сынаққа назар аударыңыз. Бұл жолы қалай жауап беретініңізге қараңыз:

Мектеп жылдарында сіздің білім алуыңызға ең үлкен шабыт беріп, жәрдемші болған үш мұғалім? Қиыншылыққа жолыққанда сізге қол ұшын берген үш досың? Өмір жолында сізге өте керекті болған істерді үйретіп, тәрбие-өнеге көрсеткен бес адам?

Бұл сұрақтар сізге оңай сезілетін шығар, солай ма?

Қандай шабыт алдыңыз?

Есіңізде болсын, өмір жолында шынайы әсер ететіндер ең көп даңқ-мәртебеге, ең көп бақыт-байлыққа немесе ең көп сыйлықтарға ие болған әйгілі адамдар емес, қайта өзіңізге шынайы көңіл бөлетін осы адамдар болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: ask.qyer.com