- Негізгі бет
- Психология
- 30 секундтық сынақ...
30 секундтық сынақ
Сынақ дегенге қолыңызға қалам мен қағаз алудың қажеті шамалы. Жазбаны соңына дейін оқысаңыз, соның өзі жеткілікті. Егер жауабын білмесеңіз, келесі сұраққа өте беруіңізге болады.
Сұрақтар:
- Әлемдегі бес мемлекет басшыларының аты?
- Жақынғы бес жылдағы есіңізде қалған Нобель сыйлығы лауреаттары?
- Әлем аруы атағын еншілеген бес сұлу?
- Пулитцер ақпарат сыйлығын алған үздік бес журналист?
- Оскарды еншілерген бес фильм, бес үздік әйел актер мен ер актер?
Сауалдарға жауап беру үшін Google-датып жіберуіңіз мүмкін. Оның қажеті жоқ. Бұл әйгілі жандардың есімі есімізде тұра бермеуі мүмкін. Марапаттау аяқталады, сыйлықтар мен жүлделер ескіреді. Ат-атақ, куәліктер бұрынғысындай құнды болмайды, ұмытылады.
Енді тағы бір сынаққа назар аударыңыз. Бұл жолы қалай жауап беретініңізге қараңыз:
- Мектеп жылдарында сіздің білім алуыңызға ең үлкен шабыт беріп, жәрдемші болған үш мұғалім?
- Қиыншылыққа жолыққанда сізге қол ұшын берген үш досың?
- Өмір жолында сізге өте керекті болған істерді үйретіп, тәрбие-өнеге көрсеткен бес адам?
Бұл сұрақтар сізге оңай сезілетін шығар, солай ма?
Қандай шабыт алдыңыз?
Есіңізде болсын, өмір жолында шынайы әсер ететіндер ең көп даңқ-мәртебеге, ең көп бақыт-байлыққа немесе ең көп сыйлықтарға ие болған әйгілі адамдар емес, қайта өзіңізге шынайы көңіл бөлетін осы адамдар болмақ.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: ask.qyer.com
M. Auelkhan