- Негізгі бет
- Психология
- 30 жасқа дейін...
30 жасқа дейін
Қартайғанша көңілді тұрмыс өткізу – әрбір адамның тіршілік қалауы. Егер тұрмысты толық түсінер болсаң, нағыз шаттықты табу қиынға түспейді дейді ғұламалар. Ал шын мәнінде өле-өлгенше қалыпты тұрмыс тәсілін сақтай білу 30 жастан бұрын қалыптасқан өмір сүру ережеңе байланысты екен. Ендеше, 40 жасқа жеткен соң, өкініп қалмас үшін 30 жасқа дейін тындыруға тиісті барлық істі мүлткісіз орындай біл.
***
30 жасқа дейін ұлы адам болу қиялынан біржола арылыңыз. Себебі, мұндай шырын қиялдың тым құрығанда екі түрлі зияны бар. Бірі, өзіңіз істеуге тиісті ұсақ-түйек істерді пейілді тындыруға мүмкіндік бермейді. Енді бірі, қашан да өз-өзіңнен үмітсізденіп жүретін боласың.
***
30 жасқа дейін мынадай бір тәртіпті сөзсіз игеру керек. Атап айтар болсақ: жұмыстағы басшы-қызметтестеріңізбен, отбасы мүшелерімен, көрші-қолаңмен, айналаңыздағы дос-жарандарыңызбен берекелі тату өту. Сіз тек бар зейініңізді жұмсап осы қатысты адамдармен байланысыңызды жөнге сала алсаңыз, қоғамдағы істердің күрделі болу-болмауымен сіздің шаруаңыз болмайды.
***
Бастығыңыз сөгіс айта қалса, ұстамды болыңыз. Өйткені, кейбір кездерде бәлендей ағаттық өткізбесеңіз де, ол сізді сөбен түйрей жөнеліп, сіз арқылы ықпалын өзгелерге көрсетеді. Бұған бола, ұнжырғаңызды түсірмеңіз. Ал кейде басшыңыз сізге түктен-түк жоқ ілтипат көрсетіп жатады. Сіз бұған да ғажаптанбаңыз. Оның сізден ғафу өтінгені деп қана біліңіз. Қызметтестеріңізбен әсте мақсатты түрде достасу ниетінде болмаңыз. Өйткені достық мүдде қақтығысы бар ортада ешқашан өмір сүре алмайды. Қызметтесіңізбен іштей түсінісуге күш салуыңыз керек. Мұнды достық деп жаңсақ түсінуге болмайды.
***
30 жасқа дейін салмақты, кең мінез қалыптастырғаныңыз жөн. Ең жақсысы қызмет орныңыздан, дос-жарандарыңыздан «сөзіне табанды» деген жақсы баға алуға тырысыңыз. «Қарашаларға қайырымды болыңыз, бай-бектерді ренжітсеңіз де, қарашаға қиянат жасамаңыз».
***
30 жасқа дейін өмірге көзқарас мәселесіне, яғни, тірі жасаудың қандай маңызы бар деп бас қатырушы болмаңыз. Тіпті, шарапқа бөгіп алған кезіңізде де өлім жайлы ауызға ала көрмеңіз.
30 жастан ілгері болмашы іске бола жол таба алмай ширығып, басыңызды өлімге байламаңыз.
***
30 жасқа дейін өзіңіздің жүрексіз, зейінсіз екеніңізді мойындауға батылдық етуіңіз керек. Сонда ғана өзгелердің батырлығы мен зеректілігінен ғұзырлана аласыз.
***
30 жасқа дейін жеті сағат қана ұйықтауға әдеттеніңіз. Ұйықтар алдында орындай алмаған ісіңізге бола налымай, ертесі тындыратын ісіңізді ойлаңыз. Бұның тез ұйықтауыңызға пайдасы бар.
***
Егер қазіргі қызметіңізді үйлеспейді деп қарасаңыз, 30 жасқа дейін қызмет ауыстырғаныңыз жөн. Басшымен, жолдастарыңызбен өкпелі болсаңыз, жарасу жағын ойлаңыз.
***
30 жасқа дейін үйленіп, бала сүйетін болыңыз. Ал әйелдер үшін 30 жастан кейін бала көтеру жастық көктемін екінші рет жоғалтқанмен барабар. Сол үшін 30 жастан ілгері ерте үйленіп, ерте балалы болудың табысты іс екенін шынайы түсініңіз.
***
30 жасқа дейін әр күні кеште хабар көруге дағдыланыңыз. Әлемнің өзгерісіне көңіл бөлмейтін адамның өз отбасына шынайы көңіл бөле қоюы да екіталай.
***
Ретті, таза киінуді әдетке айналдырыңыз. Мейлі кім болсын, қайдан телефон шалсын, алдымен сәлемдесуге дағдыланыңыз.
***
30 жасқа дейін ата-анаңызға пәлендей үлкен көмек бере алмасаңыз да, оларға жылы сөйлеуден ешқашан жалықпаңыз. Ата-ана сізден көп нәрсе дәметпейді. Сіздің жылы сөзіңізге олардың төбесі көкке жеткендей болады.
***
30 жасқа дейін ақша жөнінде дұрыс, айқын таным қалыптастырыңыз. Қолыңызда бар болса, тұрмыс өреңізді көтеріп, бірер игі іс істеуді ойлаңыз.
***
Міне, отыз жастан бұрын осыларды істей алдыңыз ба?! Ал отызға жетпеген болсаңыз, осылай істеудің әлдеқайда орынды екеніне құлақ асыңыз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек