Өмірде болып тұратын келеңсіз жағдайларды өзгертуге бола ма? Қиын жағдайда не істеу керек?
Басы
3. Позитивті сөздер
«Үміттенемін», «міндетті түрде шешімін табамыз», «бәрі жақсы болады», «мұның бәрі өткінші» сияқты сөздерді жиі қайталауға дағдыланыңыз. Біз пайдаланатын сөздер өмірге деген көзқарасымыз бен эмоционалды күйімізге тікелей әсер етеді.
4. Позитивті адамдар
Қоршаған ортаңызға позитивті адамдарды жақындатыңыз. Жан-жағыңыздағы адамдар күні бойы қандай сөздер пайдаланатынын бақылаңыз. Сонда сол адамның сізге деген ықпалы қандай екенін аңғарасыз. Позитивті адамдар өміріңізді жақсартып, көңіліңізді жайдары етеді. Жаңа мақсат сыйлап, оған жетуге қанаттандырады.
5. Ұран таңдау
Өзіңізге ұран тауып, оны күнде таңертең қайталап тұрыңыз. Ол сіз үшін үлкен маңызы бар сөз болуы керек. Оны күнделікті таңертең дауыстап қайталауыңыз керек. Мысалы, «бүгін күн тамаша өтеді» сияқты сөз таңертеңнен күніңізді позитивке қуаттайды.
Жағымсыз жағдаймен бетпе-бет келгенде осы кеңестерді еске түсіріңіз. Кейбір өмірлік жағдайларды өзгерту қолымыздан келмейді. Алайда оған деген қарым-қатынасты (физикалық, эмоционалды) өзгерту өз қолымызда.
Уақыт өте келе позитивті адамға айналғаныңызды аңғарасыз. Ал позитивті өмір сүретін адамдар үнемі бақытты!
Іске сәт!
Сурет: ©Тиар Увалигазинов
Ұқсас жазбалар:
Қиын жағдайда не істеу керек?
Сіз өз балаңызды суицидке итермелеп жүрген жоқсыз ба?
Бақытты болу үшін
Психологқа кімдер барады?
Ана болу бақытынан өз еркімен бас тартқандар