Жағдайды өзгерте алмасаң, оған деген қарым-қатынасыңды өзгерт.
Уильям Блейк
Кез келген адам өмірінде қиын, жағымсыз жағдайларға тап болады. Сол уақытта көңіл-күйді қалыпқа келтіріп, жағдайды жеңілдететін әдістерді білген жөн.
Кейде біз ситуацияны билей алмаймыз. Ал көңіліміз жайлы болуы үшін бір нәрсені өзгертуіміз керек. Мысалы, сіз өзіңізге ұнамайтын жұмыста істейсіз немесе сізге ұнамайтын адаммен серіктес болуға мәжбүрсіз.
Мұндай жағдайда не істеу керек?
Жағдайды өзгерту мүмкін емес не қиын болғандықтан, жағдайды қабылдау мәнерін өзгерту керек, сонда оған деген қарым-қатынасыңыз да өзгереді.
2000 жыл бұрын осы жайында Эпиктет атты ежелгі грек философы керемет пікір айтқан:
«Адамдар үшін жағдайдан бұрын сол жағдайға қатысты ұстанымдар мен пікірлер маңыздырақ. Бізге бір нәрсе ұнамағанда қапаланып, мұңаямыз. Бірақ ол үшін біреулерді кінәлау дұрыс емес. Себебі жағдайдың түп-тамыры – өзіміздің ұстанымдарымыз».
Заманауи психология ілімі бұл философпен толықтай келіседі.
Жағдайды қабылдауды үйрену үшін:
1. Бақытсыз екеніңізді мойындаңыз
Жағдайды өзгерту керектігін мойындамасаңыз, ештеңе де өзгермейтінін түсінуіңіз керек. Барлығы өзгеруін, болмашы заттарды армандауды тоқтатыңыз. Өзіңізді қолға алып, жағдайды қабылдаңыз.
2. Оптимизм – саналы таңдау екенін мойындаңыз
Біз оптимистік, негативтік көзқараспен туылмаймыз. Өмірге деген көзқарас өзіміздің қалыптастыратын «қасиетіміз». Тәжірибе мен өмірлік жағдаяттар оның кішкене бір бөлігі ғана. Өмірде болатын жағдай түгелдей жаман не жақсы болуы өте сирек кездесетін құбылыс екенін ұмытпаңыз. Ең қиын деген жағдайдың өзінен бірнеше жақсы жағын табуға тырысыңыз. Тапқан бойда оларды қағаз бетіне түсіріп қойыңыз.
Жалғасы
Сурет: Сергей Вериго
Ұқсас жазбалар:
Жаңа өмір бастау үшін...
Кез келген адамға пайдасы тиетін құнды кеңестер
Жалқаулықты жеңудің ең жеңіл әдісі
Сіз – қайталанбас тұлғасыз