Еврейлердің мақал-мәтелдері

Еврейлердің мақал-мәтелдері

1. Ақшаң болса да, болмаса да жаман.

2. Ақ шаш – данагөйліктің емес, қартайғанның белгісі.

3. Егер мәселені ақшамен шешуге болатын болса, бұл – қиындық емес, шығын.

4. Жаратушы адамға көп тыңдап, аз сөйлесін деп екі құлақ, бір ауыз берген.

5. Тәтті болмаңыз, сізді жеп қоюы мүмкін, ащы болмаңыз, әйтпесе, сізді «түкіріп» тастайды.

6. Алдыда тұрған қойдан, арт жақта тұрған аттан және ақымақтың барлық қасиеттерінен қорқыңыз.

7. Қонақ пен балық үш күн өткен соң иістене бастайды.

8. Білім көп жерді алмайды.

9. Еврейі жоқ сақалдан, сақалды еврей артық.

10. Адам жоқ дегенде қызығушылық үшін өмір сүруі тиіс.

11. Саңыраудың мақауды тыңдағаны, соқырдың ақсақ адам жүгіргенін көргенмен бірдей.

12. Егер қайырымдылықтың еш мәні болмағанда, барлығы да филантроп болатын еді.

13. Кәрі қыз тұрмысқа шыға салысымен жас әйелге айналады.

14. Ата-ана баланы сөйлеуге үйретсе, бала, керісінше, сөйлемеуді үйретеді.

15. Алыстан барлық адам жаман емес көрінеді.

16. Мүмкін жұмыртқа тауыққа қарағанда ақылды шығар, алайда олар жылдам бұзылады.

17. Әйелдер аз сөйлегенде еркектер көп іс тындыратын еді.

18. Жақсы сөйлеуге қарағанда жақсылап үнсіз отыру қиынырақ.

19. Жаман әйел жаңбырдан да жаман: жаңбыр үйге кіргізсе, жаман әйел шығарып әлек болады.

20. Әлем адамның көптігінен емес, адамгершіліктің жоқтығынан жоғалып кетуі мүмкін.

21. Махаббат қанша тәтті болса да, одан компот жасау мүмкін емес.

22. Маған тұруға көмектесіңізші, құлауды өзім де жақсы білемін.

23. Істерге іс болмағанда үлкен жұмыстар қолға алынады.

24. Екі жаманның бірін ғана таңдау керек кезде пессимист екеуін де таңдайды.

25. Барлығы ақшаның жоқтығына шағым айтады, ал ақылдың жоқтығы туралы ешкім де сөз қозғамайды.

26. Баласы жоқ адам оларды жақсы тәрбиелейді.

27. Тәжірибе дегеніміз – адамдардың қателігін атауға арналған сөз.

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: step.ru

Қ. Бүйенбай