- Негізгі бет
- Психология
- 2018 жыл сіз...
2018 жыл сіз үшін қандай болады?
Міне, 2018 жылдың екінші айын да аяқтауға таядық. Дегенмен алда әлі 10 ай бар, жылға арналған жорамал ұсынсақ кеш болмас. Шығыс халқының жыл санауы бойынша 2018 – ит жылы. Осы санақ бойынша жасалған болжамға көз жүгіртіңіз.
Тышқан (1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)
2018 жыл тышқан жылы туғандар үшін өте жайлы, қайырымды. Ит оны несібеден құр қалдырмайды. Тышқан ештеңеден қорықпайды, еңбекқор, тынымсыз. Күндіз-түні тыпырлап еткен еңбегі далаға кетпейді, мол ырзық-несібеге кенеледі, байиды. Кәсіппен, саудамен айналысатындардың шаруасы алға басады. Қызметте мансабы көтеріледі, беделі артады. Заң саласында, қаржы саласында істейтіндер мен өнерлі, талантты адамдардың жолы болады. Бірақ тым пысықсып, арандап қалмаған абзал. Өйткені Ит адалдықты сүйеді, ашкөздікті, тым құныққанды жақтырмайды.
Сиыр (1949, 1961, 1972, 1985, 1997, 2009)
2018 жыл сиыр жылы туғандардың жолы болады, өз қабілетін, дарынын, қолынан не келетінін көрсетуге мүмкіндік туады. Көптен ойында жүрген идеяларын жүзеге асырады. Шаруасы шалқып, тасы өрге домалайды. Еш нәрседен қорықпай, жаңа нәрселерді қолға алса болады. Күшті, қайратты, табанды Сиыр кез келген қиындықты жеңеді. Сондай адамдарға Ит қашанда серік болады. Тек бір ескеретін нәрсе – сиыр сияқты мүйізін төсейтін қыңырлықтан, тәкаппарлықтан аулақ болғаны абзал. Әділдікті жақсы көретін ит ожарлықты, өктемдікті жақтырмайды.
Барыс (1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)
Жұлдыздардың айтуынша, 2018 жыл барыс жылы туғандарға жайлы, тіпті айы оңынан, жұлдызы солынан туады десе де болады. Жұмысы жүреді, ойлаған нәрсесі орындалады. Отбасында, жұмысында, өмірінде ешқандай қиындық, мәселе болмайды. Батыл, епті Барыс кездескен қиындықтарды алдын ала сезіп, тез шешімін таба біледі. Ондайда біреудің айтқанын гөрі өзіне өзінің ішкі түйсігіне сенгені дұрыс. Бұрын жасап жатқан шаруасын жалғастырып, дамыта берсе болады. Әсіресе бизнеспен айналысатын Барыстардың жолы болады.
Қоян (1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)
2018 жыл қоян жылы туғандар үшін аумалы-төкпелі, жақсылығы да бар, жамандығы да бар. Жылдың басында түрлі мәселелерге тап болып,біраз қиналады. Бірақ жылдың аяғына қарай жолы болып, шаруасы оңалады. Оны-мұны тұрмыстық түйткілдерді ақылды, пысық Қоян оңай шешеді. Кез келген адамды екі аяғы асырайды, сондықтан Қоян жылы туғандарға тынбай еңбек етіп, тер төгуге тура келеді. Ит жылы Қоянға сын, жүйрік болса – озады, шабан болса – терісін алдырады.
Ұлу (1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)
2018 жыл ұлу жылы туғандарға өте жайлы. Ұлудың мерейі асып, мейманасы тасып, атағы аспандап, даңққа бөленеді. Қызметкер болса, қызметі, мансабы өседі. Биыл көп кәсіпкердің бағы жанатын жыл, соның ішінде Ұлулар да бар. Диқан болса, егіні бітік шығып, қырманы дәнге болады. Малшы болса, өрісі малға толып, көгені ұзарады. Өнер адамы болса, шабыты тасиды. Ұлу мұның бәріне еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жетеді. Ит сондай табанды, ақылды, қайсар адамдарды жақсы көреді. Үйленбеген, тұрмысқа шықпағандар болса, осы жылы отбасын құрса бақытты болады.
Жылан (1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)
2018 жыл жылан жылы туғандардың өмірінде көп өзгеріс болады. Ақылды, епті жыланның жолы болады, жұмысы жүреді. Отбасында, тұрмысында жақсы жаңалықтар болады. Әрине, біраз қиналады. Бірақ Жылан – қайсар, батыл, анау-мынау қиындыққа мойымайды. Қиналса да қорықпайды, тарықса да торықпайды, ойлаған нәрсесін жүзеге асырады. Кез келген нәрсені асықпай, ақылға салып шешетін Жыланның ісі әрқашан оңынан оралады.
Жылқы (1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014)
2018 жыл – жылқы жылы туғандар үшін табысты, олжалы жыл. Тіпті Жылқының бақыттан басы айналады десе де болады. Шаруасы шалқып, ойға алған нәрсесінің бәрі орындалады, ырысы тасып, көл-көсір байлыққа кенеледі. Бәсекелес дұшпандары тұяғына тапталып, жер болып, жеңіледі. Бірақ тынбай еңбек етіп, көп тер төгеді. Тіпті дамыл таппай, ойға-қырға шапқылауға тура келеді.
Қой (1955, 1967, 1979, 1991, 2002, 2015)
2018 жыл қой жылы туған адамдарға жайлы, өмірінде, жұмысында жақсы жаңалықтар болады. Жұмысы жүреді, қызметі өседі. Азды-көпті, ұсақ-түйек тұрмыстық проблемалар болмаса, аса қиналмайды, көп ештеңеден тарықпайды. Ойлары мен идеяларын қорықпай қолға алса, табысты, сәтті болады. Қой – байсалды, байыпты, өз-өзіне сенімді, кез келген қиындықты жеңеді. Оның үстіне Ит – қойдың күзетшісі, бақташысы. Қиын кезде көмектесіп, қиыс кетсе қайырмалап, дұрыс жолға салып отырады.
Мешін (1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)
2018 жыл Мешін жылы туғандар үшін жаман болмайды, бірқалыпты өтеді. Әрине, ойлаған кейбір нәрселері орындалмай, қолға алған кей жұмыстары маңдымай, біраз қиналады. Бірақ жатпай тұрмай еңбектенсе, ақылы мен қайратын қосса, несібесіз қалмайды. Ең бастысы – көл-көсір байлыққа кенелмесе де, шығынға ұшырамайды. Отбасында бәлендей көп өзгеріс болмайды, қаражаттан көп тарықпайды. Бұл жыл Мешінге сынақ деуге болады, ол сыннан сүрінбеу өзіне байланысты.
Тауық (1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017)
2018 жыл тауық жылы туған адамдарға жайлы, олжалы. Тынымсыз, еңбекқор тауық көп қиындық көрмейді. Байып, шаруасы шалқып-тасып кетпесе де, ақшадан, ішіп-жемнен тарықпайды. Өмірінде, жмұысында, отбасында айтарлықтай мәселе болмайды. Осы жылы жасаймын деп ойға алған шаруасының барлығы дерлік жүзеге асады. Бірақ Тауық – шыдамсыздау, дәйексіздеу, бір нәрсені бастай салып, тез біткенін қалайды. Сабырлы Ит ондай жеңілтектікті жаратпайды. Сондықтан азды-көпті қиындыққа жасып, мойымаған абзал.
Ит (1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)
2018 жыл – ит жылы туғандарға өте жайлы, табысты жыл. Тасы өрге домалап, кемесі кеңге жүзеді. Қандай істі қолға алса да, ойдағыдай бітеді. Шаруасы шалқып, дәулеті тасып, молшылықта өмір сүреді. Қазақшалап айтқанда, Итке жіліктің майлы басы тиеді. Шығармашылық адамдарының жұлдызы жанады. Әсіресе саудамен айналысатындардың жолы болады. Әрине, өмір болған соң қиындық болмай тұрмайды. Бірақ ақылды, табанды ит қалайда мақсатына жетеді.
Доңыз (1959, 1971, 1983, 1995, 2007)
2018 жыл доңыз жылы туғандарға жаман болмайды. Жылдың басында әртүрлі кедергілерге тап болып, біраз қиналуы мүмкін. Бірақ қызуқанды, бірбеткей Доңыз заманның ыңғайын тез аңғарады, не нәрсенің де жолын тез табады. Қиналса да, тарықса да ойға алған нәрсесін орындайды. Доңыздың еткен еңбегі, төккен тері далаға кетпейді. Ит – әділ, еңбегін қарай сыбағасын алады. Байып кетпесе де тарықпайды, бірқалыпты тыныш өмір сүреді.