- Негізгі бет
- Психология
- 20 минут ережесі:...
20 минут ережесі: бәріне үлгер!
Істеріңіздің бәріне үлгеру үшін, оларды күнделікті кішкентай бөліктерге бөліп, қалдырмай орындау керек. Бұл үшін 20 минут ережесін қолданыңыз.
Күнделікті үлкен мақсатыңызға жолда кішкентай қадамдар жасасаңыз, жоспарларыңыздың қалай орындалғанын байқамай қаласыз. Сондай-ақ бұл ережені қолдансаңыз, бірнеше істі бірге алып жүріп, барлығына үлгере аласыз.
"Жасау керек еді" деген істерге күнделікті тек 20 минут бөліп отырыңыз. Ертең де дәл солай. Бірақ күнделікті қайталануын қадағалаңыз. Бір күні қажетті әр істі істеуден еріңбеңіз, бұл тек 20 минутқа ғана ғой!
Бұл ереже әсіресе студенттерге өте пайдалы. Курстық жұмысқа күнделікті 20 минут бөлсеңіз, бір аптада-ақ бітіріп қалуыңыз ғажап емес. Соңғы түні ұйықтамай сабақ жасағанша, іш пыстырарлық сабақтарға күнделікті уақыт бөліп, уақытылы бітірген абзал.
Осылайша бұрыннан бері бастауды армандаған кез келген істі тындыруға болады. Спорт, үйді жинастыру, кітап оқу және т.б. Осы әдісті қолдансаңыз, шаршамайсыз да, бар ісіңізді жасап, өзіңізге риза боласыз!
20 минут ережесі:
- Күніне 20 минут спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады.
- Күніне 20 минутты үйін жинастыруға бөлген адамның үйі әр уақыт таза болады.
- Күніне 20 минут бар назарымен жұмыс жасаған адамның жұмысы бітпей қалмайды.
- Күніне 20 минут отбасы мүшелерімен әңгімелескен адамның үйінде ұрыс болмайды.
- Күніне 20 минут өзімен тілдесіп, күнделік жазып не жай өзімен-өзі жалғыз ойланып отырған адамның жан дүниесі жайлы болады.
- Күніне 20 минут өзінің жиған-құртқан ақшасын сараптап, жаңа табыс көздерін іздеген адамға ақша туралы уайымдамауға болады.
- Күніне 20 минут ұйықтамай, жай жатып, еш нәрсе туралы ойланбай, толғанбай, тыныштықта өткізген адамның ұйқысы әр уақыт қанып, сергек жүреді.
- Күніне 20 минут кітап оқыған адам кез келген салада білікті маман бола алады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: tommyzor.com
С. А