- Негізгі бет
- Психология
- 20 жастағы жігітке...
20 жастағы жігітке кеңес
Жиырма жасқа толып, жігіттік өмірдің қызығында жүрген бозбалалар үшін өмірлік кеңестер ұсынамыз. Осы кеңестерді жадында тұтқан жігіт нағыз ер азамат боларына күмәніміз жоқ.
Қаржылай сауатыңды аш! Қоғам сенің ақымақтығыңның арқасында күн көріп жүр. Түрлі банк төлемдері, абоненттік төлемдер мен несие мәселесі өздерінің миғы сыймайтын, дұрыстап есептесең өзіңнің ақымақ болғаныңды дәлелдеп шығаратын пайыздары мен үстемелері, сенің жиырма жасқа енді толып ес жинап үлгермеген тұсыңда есіңді шығарады. Бай, бақытты және тәуелсіз болғың келсе, тиімсіз төлемдерге есеңді жіберіп алма. Ол үшін қаржылай сауатты болуың керек.
Оқу жүйесіне бағын, бірақ... Студент кезде тек білім алу ғана керек емес. Әрине, ЖОО оқу жүйесімен білім ал, бірақ көшбасшы болу үшін студенттер арасында белсенді болу да керек. Өйтені оқу бітірген соң сен тек өз кәсібіңмен бір бұрышта ған тұйықталып қалмасың анық. Адамдармен арласасың, қоғаммен қарым-қатынасқа түсесің және ұжыммен бірігіп жұмыс атқарасың. Осы істің бәрінде өзіңді еркін ұстап, оңай қарым-қатынас қалыптастыру үшін саған ЖОО қабырғасында қоғамдық жұмыстарда белсенді болу керек.
Шамаң келгенше көп оқы! Қазір сенің кітаптан бас алмай отырып және сол оқығандарыңды күнделікті өмірде сөзің мен ісіңе пайдаланатын шағың. Кітаппен шектеліп, техникадан да тысқары қалып қоймауды ойла. Өйткені заман техникаланып келеді.
Тек таңдаулылармен ғана қарым-қатынас жасамай, бәрімен бірдей аралас! Нағыз адам болу үшін жұртпен қарым-қатынаста шебер болу керек. Адамдардан өзіңе ұнайтын тұстарды ғана ізде де, оларға сол тұсы арқылы жақындай түс.
Көп жағдайда өзіңнен үлкен адамдармен көп уақыт өткіз! Өйткені үлкендер сенің енді бес-алты жылда ғана түсінетін дүниелеріңді ұғып үлгерген. Үлкендермен қарым-қатынаста болсаң, өзің де, санаң да, ісің де өседі. Тек бұл кеңесті жақсы жағынан ғана жүзеге асыратын бол!
Өз өміріне риза адамдармен дос бол! Өйткені олармен жаның бірге. Жаның бірге болған соң, ұраның да бір. Ол сүйген өмірді сен де сүйесің!
Ертеңге еш іс қалдырма! Ертең оны орындауға мүмкіндігің мен уақытың боларына кім кепілдік бере алады? Ертеңге тапсырманы үйе бермей, бәрін өз уақытында жасап тастауды әдетке айналдыр.
Жөнсіз шығын жасама! Егер қаражатты адал жолмен тапсаң, оны бос нәрсеге жұмсама. Ақшаның өз орнымен жұмсалуын қадағала!
Саяхатты сүй! Адам алдына мақсат қойса, оның өмірге деген сүйіспеншілігі де арта түседі. Егер өз еңбегіңмен шетел асып, ер аралауды армандасаң, сол арманың үшін аянбай еңбек ет. Өйткені армандар орындалады.
Жас кезде артық салмақ жинамауға тырыс! Артық салмақ – артық проблема. Проблемалардың ең кішісі – диеата.
Тамақ жасауды үйрен! Жігіт болсаң да, кез келген жағдайға дайын болу үшін асқазанның қамын ойлау керек. Үнемі жаныңда әйел адам немесе дәмхана болмауы мүмкін. Сондықтан керемет аспазшы болмасаң да, аш қалмайтындай жолды үйрен.
Ұйқыны ренжітпе! Тиянақты жұмыс жасап, өсіп-өркенедеу үшін ұйқының мәні зор. Тек ұйқыға қатты салынып кетпей, орнымен ғана демалу керек.
Шағын кітапшаң болсын! Үнемі есте сақтау қабілетіңе сене берме. Кейде жадың маңызды істер мен кездесулерді ұмытып кетіп ұятқа да қалдырып жатады. Сондықтан кітапшаға ұмытпау керек күндерді, шығындар мен кірістерді жазып жүр.
Мың істің емес, бір істің нағыз маманы бол! Оқу орнында алған біліміңді пайдаланып өз ісіңнің маманы бол. Сол кәсібіңді а-дан я-ға дейін меңгер!
Біреудің қатесін түземе! Одан да өзің қателеспе! Болмаса қатесіз адам ізде!
Сурет: Алексей Баранов
А. Әбілхан