Сырласайық, қырмызы қыздар!

Сырласайық, қырмызы қыздар!

Қыз бала жасөспірім шағында, яғни 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзеуге, өзін таза ұстап, сәнді киінуге, есейгенін сезініп, әдемі көрінуге тырыса бастайды. Бұл – табиғи заңды құбылыс. Әрине, бұл кезеңде бойжеткендердің жақсы мен жаманды, сыпайыгершілік пен тұрпайылықты еркін ажыратуға талғамы жете бермейді. Барлығы да тәжірибемен, адамдармен араласумен, ананың эстетикалық тәрбиесімен қалыптасады. 

Осы орайда "Сіз бақыттысыз ба?" атты тақырыпта тест сұрақтарын ұсынамыз. 10 сұраққа берілген ұпайларды қосып, нәтижені біле аласыз. Мереке алдында әрбір нәзік жанды өзіне есеп беріп, өзінің бағыт-бағдарын анықтап алған дұрыс деп ойлаймыз.

1. Жақсы көрген адамыңыздан қандай гүл шоғын алғыңыз келеді?

а) архидея – 1

ә) раушан – 5

б) қызғалдақ – 3

2. Сөмкеңіздің іші қандай күйде екендігін айтыңыз.

а) ретті – 3

ә) астан-кестен –1 

б) барлық зат орнында – 5

3. Егер танысыңыздан керекті заттарыңызды алып, төлеуге ақшаңыз жетпей қалса не істер едіңіз?

а) қарызға аламын – 5

ә) жартысын беріп қалғанын кейінге қалдырамын – 3

б) затты сақтай тұруды өтінемін – 1

4. Арықтауды армандап, тамақ ішуіңізді шектеп жүрген кезде салтанатты дәмге шақырылсаңыз барасыз ба?

а) жоқ – 1

ә) иә – 5

б) иә, тамақты аз жеуге тырысамын – 3

5. Егер ұтыс алсаңыз, сыйлыққа нені таңдайсыз?

а) пайдалы зат

ә) ақша –1

б) демалыс орнына сапар – 5

6. Шашыңызды жаңа сән үлгісімен қидырғаныңызды құрбыңыз жақтырмаса қандай ойда боласыз?

а) қызғанады – 1

ә) басқалары не дер екен? 

б) басқша етіп өзгертемін – 5

7. Бал ашуға сенесіз бе?

а) иә – 3

ә) жоқ – 1

б) кейде – 5

8. Жаңа танысыңыз үйіне шәй ішуге шақырса жауабыңыз қандай болмақ?

а) кафеге баруды ұсынамын – 1

ә) келіспеймін – 3

б) қуана қабылдаймын – 5

9) Егер сауда жасау үстінде ақшаңыз қалмай қалса не істер едіңіз?

а) үйге жаяу қайтамын – 1

ә) көлікке ұрланып мінемін – 5

б) кездескен таныстарымнан қарызға ақша аламын – 3

10. Қандай киім киіп ұйықтайсыз?

а) түнде киетін көйлек – 3

ә) жылы киім –1 

б) жалаңаш – 5

Нәтиже:

21 ұпайдан төмен: Іскерсіз, өмірге деген көзқарастарыңыз нақты. Өміріңізді әсерлендіруге тырысасыз. Бірақ бақыттымын деп айтуға жүрексінетін секілдісіз. Жиі-жиі кішігірім мейрамдар ұйымдастырып, театрға барыңыз, достарыңызбен кездесіңіз.

22-42 ұпай: Сіз ешқашан "басыңызды жоғалтпайсыз" және сізді бір нәрсеге қызықтыру өте қиын. Саналысыз, принципке жүгіне бермейсіз, берік те адал қатынасты бағалайсыз. Бір қарағанда байсалды көрінгеніңізбен, "жуастан жуан шығатыны" қашаннан белгілі.

43 ұпайдан жоғары: Өмір – сіз үшін ойын. Сіз сүйкімдісіз, ашықсыз, әсершілсіз. Тез ашуланып, райыңыздан бірден қайтасыз. Бақыт та сіз үшін оңай нәрсе, тіпті маңыздылығы да жоқ. "Ісіңізге нақты баға беріп жүріңіз" - деп тілек айтпақпыз.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com