- Негізгі бет
- Психология
- 100-нөмірлі жігіт жоқ...
100-нөмірлі жігіт жоқ
Әйелдер көбінде күйеуім немесе жігітім мынадай болса, анадай болса деп армандап жатады. Олардың арманындағы жігіттердің де кемшілігі болады. Әлемде 100-нөмірлі жігіт жоқ. Себесеңіз, сіздің көңіліңіз қалайтын «жақсы» туралы айтып көрелік.
Тоқтаусыз сағатқа қарайтын жігіттер. Көбінде мұндай жігіттерге әйелдер уақытқа деген құрметі терең, барлық ісін орынды орналастыра біледі деп қарайды. Бірақ, тым принципшіл жігіт еркін өмір сүруге әдеттенген әйелдерді тез шаршатады. Тіпті жалықтырып жібереді.
Шешен жігіттер. Мұндай жігіттердің барлық іске деген өзіндік көзқарасы болады. Өзгеше пікірі арқылы әйелдерді бірден баурайды. Бірақ, олар барлық іске пікір айтып үйреніп қалғандықтан, бірте-бірте әйелінің жасануы, киіну, жүріс-тұрысына да араласып алатын болады.
Жомарт жігіттер. Әйелдер әдетте жігіттердің жомарттығы мен кең пейілділігі арқылы өз махаббатын талдауға үйренген. Бірақ, мұндай еркектер тойдан кейін де солай жомарт болуы нағайбыл. Өйткені олар әйелімді шектен тыс көп ақша жұмсап қолға келтірдім деп ойлайды.
Әйелінің жанынан шықпайтын жігіттер. Мұндай жігіттерге күйеуге шыққан әйелдер өзін тым бақытты сезінеді. Бірақ, ол жігіттердегі жеке иемдену көзқарасын қалыптастырады. Олар шектен тыс қызғаншақ, тіпті ұсақшыл боп кетеді.
Қамқор жігіттер. Мұндай жігіттер ата-анасын қатты құрметтейді. Сондай-ақ әйеліне де солай. Бірақ, мұндай еркектердің жеке өмір сүру қабілеті төмендеу болады. Көбінде ата-анасына немесе әйеліне арқа сүйейді.
Досы көп жігіттер. Мұндай жігіттердің қарым-қатынас аясы кең. Сол себепті, орындалмай қалатын жұмыстары көп болады. Аяғы үзілмес отырыс, таусылмас кездесулері әйелін жалықтыратын болады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет:mail.ru
Қ. Қауымбек